06 Мамыр, Дүйсенбі

Жаңалықтар

ҮЗДІК ТОП-5 МҰҒАЛІМДЕР ТУРАЛЫ ФИЛЬМДЕР ТОПТАМАСЫ


#KZ DARYN_CINEMA ҰСЫНАТЫН ҮЗДІК ТОП-5 МҰҒАЛІМДЕР ТУРАЛЫ ФИЛЬМДЕР ТОПТАМАСЫ!

1.БАБКЕР КАРТЕР

Мектеп баскетбол командасының жаттықтырушысы Кен Картер маусымның ортасында ойыншыларға мектептегі үлгерімі төмен болғандықтан алаңға шығуға тыйым салды. Нәтижесінде команда чемпионатта екі ойында жеңілді. Бабкердің шешімі жас спортшылардың өмірін өзгертті.

2. ХОРИСТТЕР

1949 жылы музыка пәнінің мұғалімі Клеман Матье балаларға арналған интернатқа жұмысқа орналасады. Репрессивті білім беру жүйесімен балаларды оқытуды қаламайтын ынталы мұғалім Мэтью оқушылардың жүрегіне жол тауып, мектептегі жүйені өзгертеді.

3. БОСТАНДЫҚ ЖАЗУШЫЛАРЫ

Эрин Грюэлл мектепке жаңа мұғалім болып орналасады. Көше бандаларында тұратын жасөспірімдердің сеніміне ие болып, достық ортаны қалыптастырған мұғалім өзінің мектептегі жұмысы туралы "Еркін жазушылар күнделігі" атты өмірбаяндық кітабын жазады.

4.МҰҒАЛІМ

Мұғалім Генри Барт қолайсыз ауданда орналасқан мектепке сабақ беруге жіберіледі. Бұл мекемеде оқушылар сабақта тікелей мұғалімдерді қорлаудан тартынбайды. Барт сыныптағы оқушыларды өзіне тартып, олардың өмірге деген көзқарастарын өзгертеді.

5. МАТИЛЬДА

Матильда-өте ерекше қыз. Бірақ оның ата-анасы қызының өміріне қызығушылық танытпайды. Ата-анасының мейіріміне бөлене алмаған қыз, мектептегі мұғаліміне бар сырын айтып, өзінің керемет талантын одан әрі дамыта бастайды.

@DARYN