19 Мамыр, Жексенбі

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймыз!


1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні. Бұл күні тәуелсіздікті тұғырына қондырған ұлт көшбасшысы ел тізгінін ұстаған болатын. Мұндай елеулі мерекені атап өту – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына және мемлекетіне сіңірген орасан зор еңбегіне деген құрмет.

Елбасының жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясатының арқасында еліміз дамудың даңғыл жолына түсті. Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалап, барша қазақстандық мойындаған және халықаралық қоғамдастықтар тарапынан құрметке ие болды. Ол сындарлы шақта бірлік пеп татулықты ту етіп, егемендікті еңселі ете білді. Қазақстанды өзге елдермен бәсекелесе алатын жағдайға жеткізді.

Қазақта «Тарихты тұлғалар жасайды» деген сөз бар. Әр ұлттың өзіндік тарихын қалыптастырған ұлы тұлғалар болады. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында Елбасының аты ешқашан өшпейді. Жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев – барлық қазақстандықтар мен халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушысы болып қала береді.

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймыз! Әр шаңыраққа бақ-береке, мызғымас бірлік, баянды бақыт, мол жақсылық тілейміз!

@elbasyacademy