26 Сәуір, Жұма

Жаңалықтар

STEM бағыты бойынша АҚШ-та 4 апта оқу мүмкіндігі.


АҚШ Мемлекеттік департаментінің Білім және мәдениет мәселелері жөніндегі бюросы жоғарғы сыныпта оқитын ғылым, технология, инженерия және математикаға қызығушылығы бар қыздарға арналған 2022 TechGirls бағдарламасын ашық деп жариялайды.

2022 TechGirls бағдарламасы АҚШ, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка, Сахараның оңтүстігіндегі Африка, Шығыс Азия және Тынық мұхиты, Еуропа мен Еуразия, Батыс жарты шар және Орталық Азия мемлекеттеріндегі 15-17 жас аралығындағы қыздардың STEM бағыты бойынша қызығушылығын, жоғары білімін жалғастыруын, ғылым мен технология саласында кәсіби қызметке қол жеткізуін, тәжірибелік дағдыларын дамытуы мақсатында төрт-апталық қарқынды бағдарламаны ұсынады.

Бағдарлама 2022 жылғы 8 шілде мен 3 тамыз аралығында аралығында өтеді. Қатысушалар Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікістан, және Өзбекстан мемлекеттерінен болатындықтан, аймақтық алмасу бағдарласы болып есептеледі.

🔗Тіркелу сілтемесін 👉@usinkz парақшасының жоғары бөлімінен таба аласыздар