19 Мамыр, Жексенбі

Жаңалықтар

Елбасы Академиясы Қазақстанның Тұңғыш Президентіне арналған байқауды қорытындылады.


Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Елбасы Академиясы Қазақстанның Тұңғыш Президентіне арналған байқауды қорытындылады.

Интернет байқау өскелең ұрпақты қолдау мен ынталандыруға бағытталған «Елбасы Медалі» жобасына қатысушылар арасында өткізілді.

Байқау шарты бойынша еліміздің Тұңғыш Президенті туралы төмендегі фильмнің бірін көріп, талдау жасау қажет:

- Уақыт таңдауы;
- Назарбаев. LIVE;
- Nur-Sultan. Қолтаңба;
- «Елбасы жолы» эпопеясы;
- «Штрихи к портрету. Лидер».

Фильмді көрген соң 3 минутқа дейін креативті бейне шолу жасап, оны жеке парақшаға жариялау керек болатын.

«Елбасы Медалі» жобасының қатысушылары байқауда аса белсенділік танытты. Ұзын-ырғасы 80-ге жуық адам қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз атанғандар:

1 орын: Қожабалуан Мәдина @iammadayna

2 орын: Бақытжан Төлегенов @bakytzhan_j98

2 орын: Төлегенова Мерей Серікқызы @merei614

3 орын: Өмірзақова Қарлығаш @zhurgenbireuu

3 орын: Айтбаева Гүлжайна @g_a1tbaevaa

3 орын: Елшібек Асылай _elshibekovaa__

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және толағай табыс тілейміз!