19 Мамыр, Жексенбі

Жаңалықтар

ХІV Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңі басталды.


Бүгін Қазақстанда жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша ХІV Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңі басталды. Биыл министрлік пен отандық жоғары оқу орындары арасында қол жеткізілген уағдаластықтың нәтижесінде жеңімпаздар жоғары оқу орындарында оқуға арналған білім беру гранттарын жеңіп ала алады. Қорытынды кезең Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті базасында өтіп жатыр. Олимпиада 15 қараша басталып, 18 қарашаға дейін жалғасады. Зияткерлік байқауда еліміздің барлық өңірінен 182 оқушы бақ сынайды.

Айта кетейік, Президенттік олимпиадаға 11 (12) сынып оқушылары қатысады. Оларға төрт пән бойынша — математика, физика, химия және биологиядан тапсырмалар беріледі.

Президенттік олимпиадаға қатысушылардың жұмысын халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары және жүлдегерлері, Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының PhD докторлары бағалайтын болады. Барынша ашықтықты қамтамасыз ету үшін конкурс онлайн түрде көрсетіледі. Бейнетрансляцияға сілтемелер http://daryn.kz «Дарын» РҒПО аккаунттарында ұсынылады.