19 Мамыр, Жексенбі

Жаңалықтар

"Қазақстанның үздік оқушысы" республикалық әлеуметтік-білім беру байқауы


НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! БАЙҚАУ! Бас жүлде - Apple iPhone 11 смартфоны!

🥳Құрметті біздің оқушылар, Біз сіздер туралы да ұмытқан жоқпыз, сондықтан "Қазақстанның үздік оқушысы"республикалық әлеуметтік-білім беру байқауын бастаймыз!

Конкурстың негізгі мақсаты -заманауи технологияларды қолдана отырып, белсенді оқушыларды ынталандыру;

🌟Байқауға Қазақстан Республикасы мектептерінің дәстүрлі оқыту форматында цифрлық технология құралы ретінде www.onlinemektep.org платформасын қолданатын оқушылары қатыса алады!

📚Байқауға қатысу барлық қатысушы үшін ТЕГІН.
Ұйымдастырушылармен ортақ үлесі бар тұлғалар Байқауға қатыса алмайды.

Байқаудың форматы мен тәртібі:

Қатысушылар оқу жылы ішінде дәстүрлі оқыту форматында цифрлық технология құралы ретінде www.onlinemektep.org платформасын белсенді пайдаланып, Bilimbonus-тар жинауы қажет;

🔹Online Мektep платформасында (www.onlinemektep.org) ең көп BilimBonus жинаған оқушы жеңімпаз атанады. BilimBonus-тар әрбір оқу тоқсанының, сондай-ақ 2021-2022 оқу жылының соңында есептеледі.

🔹Жеңімпаздарды ресми марапаттау Нұр-Сұлтан қаласында Байқауды ұйымдастырушылар мен Байқау серіктестерінің қатысуымен өтеді.

🔹ІI тоқсанның қорытындысы бойынша республикалық рейтингінің жеңімпазына Apple iPhone 11 смартфоны беріледі.