05 Мамыр, Жексенбі

Жаңалықтар

Шымкент қаласы Білім Басқармасының басшысы тағайындалды




🔷 Қала әкімінің өкімімен Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы лауазымына Шәмшиева Нұргүл Ақылбекқызы тағайындалды.

🔷 Нұргүл Ақылбекқызы Қорқыт ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетін, «Тұран-Астана» университетін және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі - орыс тілі мен әдебиеті, психология, менеджмент.

🔷 Еңбек жолының 22 жылын тәрбие-білім саласына арнаған.

🔷 Соңғы жылдары Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы қызметін атқарған.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі