06 Мамыр, Дүйсенбі

Жаңалықтар

Америкада бір жыл тегін оқу мүмкіндігі.


Future Leadership Exchange Program (FLEX)

FLEX программасы жоғары сынып оқушылары мен колледждің 1 курс студенттеріне АҚШ-та бір жыл тегін оқуға мүмкіндік береді. 

FLEX бағдарламасы - АҚШ-тың Мемлекеттік Департаментінің Білім және Мәдени Министірлігінің мәдени алмасу бағдарламасы, Қазақстанда халықаралық білім беру жөніндегі Америкалық Кеңестер: ACTR/ACCELS іске асыратын және Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі қолданатын бағдарлама. Бұл бағдарлама Қазақстан оқушыларына бір академиялық жылды АҚШ-тың жоғарғы мектебінде оқып, Америкалық қабылдаушы отбасында тұруға мүмкіндік береді.

FLEX бағдарламасының негізгі мақсаты – Құрама Штаттарының халқы мен басқа елдер арасында өзара түсінушілікті жақсартып, ұзақ мерзімді қарым-қатынасты дамыту мен нығайту. АҚШ-тың Мемлекеттік Департаменті FLEX және басқа акдемиялық бағдарламалары арқылы 50-ден аса мемлекеттерінің жоғарғы сынып оқушыларын алмасу бағдарламаларымен қамтамасыз етеді. Бағдарламаның ашылуы, 1993 жылдан бастап 27000-нан астам оқушылар FLEX-ке қатысты.