03 Мамыр, Жұма

Жаңалықтар

Білім беру гранттарының конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталды


Қазақстанда жоғары оқу орындарында мемлекеттік білім беру гранттарының конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталды, деп жазады inbusiness.kz.

Өтініштерді "Электрондық үкімет" порталы немесе ЖОО білім беру ұйымдарының қабылдау комиссияларына тапсыруға болады. Бұдан бөлек университеттерде виртуалды қабылдау комиссиясы да жұмыс істейді.

Грант конкурсына қатысу үшін өтініштерді қабылдау 20 шілдеге дейін жалғасады.