28 Наурыз, Бейсенбі

Жаңалықтар

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздегі білім басқармалары басшыларымен кеңес өткізді.


Министр ұсыныстардыатқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпаратты тыңдапнегізгі міндеттерді атады.

Кеңесте Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов баяндама жасады. Ол министрлікке қоғамнан көптеген өтініш түсіп жатқанына тоқталды. Бұл жергілікті атқарушы органдардың мәселелерді сапасыз орындап отырғанының көрсеткіші.

«2022 жылғы қарашада министрлік «Педагогті қорғау» Telegram-чатын іске қосты. 2 айдың ішінде чатқа 33 мың адамнан 5 мыңға жуық өтініш түскенСұрақтардың басым бөлігі сағаттарды бөлугеаттестациямұғалімдерді міндетінен тыс қызметке тартуғаолардан шамадан тыс есеп беруді талап етугееңбекақы төлеуге және т.бқатыстыОсыған байланысты білім бөлімдері мұғалімдер арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуі қажет», – деп айтты Ернұр Дәуенов.

Сондай-ақ кеңеске қатысушылар емтихан тапсыру, олимпиадалар, аттестация, курстар және т. б. кезінде академиялық адалдықты арттыру мәселелерін талқылады.

Жиын қорытындысы бойынша Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім басқармаларының басшыларына бірқатар тапсырма берді. Атап айтқанда, олар қоғам мен педагогтер арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту, педагогтер мен тәрбиешілердің мәртебесін көтеру, білім алу үшін қолайлы және қауіпсіз жағдай жасауға қатысты.