27 Сәуір, Сенбі

Жаңалықтар

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Халықаралық олимпиада жеңімпаздарымен кездесті


Бүгін ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Халықаралық олимпиада жеңімпаздарымен кездесті.

Биыл ірі халықаралық жарыстарда қазақстандық оқушылар 27 медаль жеңіп алды, оның ішінде 3 алтын, 15 күміс және 9 қола медаль, осылайша соңғы жылдардағы рекордтарды жаңартты.

Кездесу барысында министр жеңімпаздарды, педагогтар мен ата-аналарды құттықтап, ақшалай сертификаттар мен алғыс хаттарды салтанатты түрде табыстады.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президентінің қолдауының арқасында зияткерлік жарыстардың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері 4,5 млн теңгеге дейін қомақты ақшалай сыйлыққа және ҰБТ тапсырмай ЖОО-да оқуға грантқа ие болады.

===== WWW.DARYN.KZ =====