19 Мамыр, Жексенбі

Жаңалықтар

«Алтын тобылғы»


«Алтын тобылғы» байқауына өтінім беріп үлгеріңіз!

«Алтын тобылғы» әдеби байқауы. Іс-шараны Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ұйымдастырған. Қазір осы бірегей жобаға қатысуға өтінім қабылдау жалғасуда. Мақсаты – заманауи қазақстандық көркем әдебиетті дамыту, жас қаламгерлерді қолдау, шығармашылығын насихаттау.

Әдеби байқауда сыйлық бірнеше номинацияға беріледі:
- «Жылдың үздік прозасы»;
- «Жылдың үздік поэзиясы»;
- «Жылдың үздік драматургиясы»;
- «Жылдың балаларға арналған үздік шығармасы»;
- «Жылдың үздік киносценарийі»;
- «Фантастика жанрындағы үздік шығарма».

Сонымен қатар, биыл «Ел мұраты – Тәуелсіздік» тақырыбына арналған Үздік шығарма» арнайы номинациясы тағайындалды. Жеңімпазға әдеби сыйлықтың лауреаты мен 2 млн.теңге ақшалай сыйлық беріледі. Ал арнайы номинация жеңімпазы 3 млн. теңге алады.

Дәстүрлі іс-шараға 18-35 жас аралығындағы жас әдебиетшілердің қазақ және/немесе орыс тіліндегі шығармасы ұсынылады. Автор екі номинацияға қатысуға құқылы. Өткен жылдардағы жеңімпаздар қатыстырылмайды. Бір адамнан бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған екі шығармаға дейін қабылданады.

Байқауға қатысу үшін өтінімді (шығарманы) пошта арқылы Нұр-Сұлтан қаласы, Ә.Бөкейхан көшесі, 1А, Нұрсұлтан Назарбаев Қорына немесе at2022@fnn.kz электрондық мекенжайына жіберіңіз. 2022 жылдың 30 қазанына дейін үлгеріңіздер.

Толық ақпарат fnn.kz сайтында немесе 8 (7212) 767012 телефоны арқылы біліңіз.

Барша қатысушыға сәттілік тілейміз!