19 Мамыр, Жексенбі

Жаңалықтар

Америка бұрышына жаңа үйлестіруші іздейміз!


Петропавл қаласындағы Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Америка бұрышына жаңа үйлестіруші іздейміз!
Америкалық бұрыш Қазақстандағы АҚШ Елшілігімен тығыз ынтымақтастықта ағылшын тіліне қатысты, АҚШ-та білім алу туралы ресурстармен бөлісіп, түрлі іс-шаралар мен тренингтер, мәдени бағдарламалар өткізеді.
Бұл қызметке тұрамын дейтін үміткерлерге қойылатын минималды талаптар мынадай:

🔹 Петропавл тұрғыны болу;
🔹 Орта арнаулы немесе жоғары білімі туралы дипломның болуы;
🔹 Ағылшын тілін білу деңгейі upper-intermediate деңгейінен төмен емес,
🔹 Жақсы қарым-қатынас дағдылары;
🔹 Ұйымдастырушылық қабілеті ;
🔹 Үміткер аптасына 40 сағат жұмыс істейді (оның 16-сы демалыс күндерін қамтиды)

Үйлестіруші төмендегі қабілетке ие болуы абзал:

🔹 іс-шараларды өз бетінше ұйымдастыру, мысалы: топтық талқылаулар, виртуалды интерактивті бағдарламалар, лекциялар және мәдени презентациялар);
🔹 Тақырыптық іс-шараларға сәйкес қойылымдарға қонақтар мен ортаны тарту;
🔹 жергілікті мекемелермен серіктестік және ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізу арқылы бұрыш туралы хабар тарату және ресурстарға қолжетімділікті кеңейту;
🔹 есепті дер кезінде беру

Мүмкіндіктер:

🔹 Қызықты белсенділік, үнемі жаңа таныстар;
🔹 Үздіксіз оқу (оқыту дағдылары);
🔹 Халықаралық сапарларға, тренингтерге қатысу мүмкіндігі;
🔹 Нетворкинг, потенциалды мансаптық өсу;
🔹 Түрлі пайдалы ресурстарға қол жеткізу

Youtube арнасында Kazakhstan American Corners деп терсеңіз, біздің үйлестірушілеріміздің қызметі және жұмыс бабы жайында біле аласыз.

Түйіндеме мен ілеспе хатты 16 тамызға дейін кітапхананың nklib@mail.ru мекенжайына жіберіңізді сұраймыз.

Дереккөз: https://www.instagram.com/p/CgzFmQet3V0/