19 Мамыр, Жексенбі

Жаңалықтар

Елордада «Жалпыға міндетті білім беру» бағдарламасы бойынша оқушыларға көмек көрсетіліп жатыр


Елордада «Жалпыға міндетті білім беру» бағдарламасы бойынша оқушылардың мектеп киімдерін, аяқ киімдерін және мектепке қажетті кеңсе тауарларын сатып алу үшін көмек көрсетілу жүргізіліп жатыр.

Аталған бағдарлама аясында атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар және мүгедек балалары бар қиын жағдайға тап болған отбасылар көмек ала алады.

Ағымдағы жылдың 08 тамызында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына енгізілген өзгерістерге сәйкес білім алушылар мен тәрбиеленушілерге киім, аяқ киім, мектеп керек-жарақтарын сатып алу үшін материалдық көмек ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың немесе кәмелетке толған білім алушының өтінішіне сәйкес ақшалай жүзеге асырылады.

Материалдық көмек алушы өтініш жазып, несиелік қарызы жоқ және бұғатталмаған банктік карточканың 20 таңбалы нөмірін ұсынады. Немесе материалдық көмекті аудару үшін банкте арнайы шот ашуы қажет.

Қаражаттың мақсатты пайдаланылуын міндетті түрде құжаттамалық растаумен (түбіртек, чектер, фото) оларды сатып алған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде білім беру ұйымына тапсыру керек.

Қазіргі таңда сегіз мыңнан аса баланың ата-анасынан өтініш түсті. Соған сәйкес 16 720 балаға көмек көрсету жоспарлануда.

Материалдық көмек көлемі бір балаға шаққанда 40 мың теңгені құрайды (ең төменгі күнкөріс деңгейі – 37 389 теңге).

Айта кетейік, жалпы білім беретін мектеп әкімшіліктері халықтың мұқтаж санаттарының тізімін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізуде.

@oqu_agartu_ministrligi
@aimagambetov
@akimat_nur_sultan
@altay_kulginov_official