30 Желтоқсан, Дүйсенбі

Әдебиет

Өмір, отан, адамгершілік, адам туралы ұлағатты сөздер


Өмір шыңға шыққанмен бірдей. Асықпай шығасың, зымырап түсесің.
Ги де Мопассан

Нәпақа табам деп, өмір сүруді ұмытып кетпе
Интернет

— Сіз өмірді қаншалықты бағалайсыз?
— Алпыс төрт.
— Неге «алпыс төрт» дедіңіз?
— Сіз өмірді қандай өлшеммен бағалау керек деп ойлайсыз?
— Жоқ! Мен неге «алпыс төрт» дедіңіз, мысалы неге «жетпіс үш», емес деп сұрап отырмын?
— «Жетпіс үш» десем де осы сұрақты қояр едіңіз ғой!
Ричард Фейнман

Жазушының бір ғана қабілеті бар. Ол өмірдегі шындықты көзімен көріп, оны нағыз шебердей суреттейді. Қалғандары екіжүзді адамның тірлігі ғана.
Ги де Мопассан

Өмір қимылды талап етеді.
Аристотель

Өмірдің мәні не? Айналаңа қызмет етіп, көмек көрсету.
Аристотель

Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін: әкемнен өмір алсам, ал Аристотельден өмірімді жақсы өткізу туралы білім алдым.
Александр Македонский

Адам кірпіш сияқты. Күйген сайын қатая түседі.
Бернард Шоу

Адам – керуен, өмір – жол
Сәкен Сейфуллин

Өлгеннен сұра дер едім, тірі жандарға өмір дегеннің не екенін.
Мұқағали Мақатаев

Мен соңғы 33 жылымда таңертең айнаға қарап, өзіме былай деп сұрақ қоямын: «Егер бүгін менің өмірімнің соңғы күні болса, бүгінгі ойлаған жоспарымды іске асыра аламын ба?»
Стив Джобс

Өмір деген осы, бүгін бар, ертең жоқсың. Сен кетті екен деп өмір - өзен ағысын өзгертпейді.
Дінмұхамед Қонаев

Өмір егер ащыны бермесе, тәттіні білер ме едік, тәттіні бермесе, ащыны білер ме едік?
Ғабиден Мұстафин

Тарих рақымсыз. Ол – ғұламаны да, бiлгiрдi де, өнер иесiн де, хандар мен патшаларды да аямайды. Ол өз заңына қарсы келгендердiң бәрiн езiп - жаншып жүре бередi. Тарих заңдары керi қайтуды бiлмейдi және оны жаратпайды.
Мұстафа Шоқай

Өмірді жақсы көру керек, ең ұсқынсыз формада болса да.
Жак - Ив Кусто

Адамның бүкіл өмірі өзін - өзі жұбату, өзін - өзі алдау.
Қадыр Мырза Әли

Өлімнен де ауыр ит өмір кімге керек?!
Қадыр Мырза Әли

Cенің ең бақытсыз тұтынушың, бұл сенің ең маңызды өмірдегі сынағың.
Билл Гейтс

Өмір бойы сүйіп, махаббатыңды төккің келетін адамды да таңдай біл.
Цицерон


Мен бұл өмірде маңдайыма не жазғанын ешқашан білген емеспін, бірақ бір ҰЛЫ іске жаратылғанымды әрқашан білдім.
Джон Дэвисон Рокфеллер

Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады.
Бауыржан Момышұлы

Ақшаға сатып алуға болатын дүниелер өмірдің кереметтері емес
Альберт Эйнштейн

Егер бақытты өмір сүргіңіз келсе, адамдар мен нәрселерге емес, мақсатқа тәуелді болыңыз.
Альберт Эйнштейн

Жер десе дірілдемей болмайды: жер мәселесі – өмір сүру мәселесінің зоры.
Әлихан Бөкейханов

Қазақ әдебиетінің ішіне қазақ өмірін түгел суретімен алып кіру - әдебиеттің ендігі міндеті.
Мұхтар Әуезов

Жер бетінде ақымақтарсыз өмір сүру қызықсыз болар еді.
Михаил Лермонтов

Өмірдің ең тәтті қызығы — адал достарыңның көп болуы.
Авраам Линкольн

Өмір бір - ақ рет беріледі. Сондықтан неге оны пайдалы қылып өткізбеске?
Джек Лондон

Өмірде өтіріктің үш түрі бар: жәй өтірік, көзіңізді бақырайтып қойып айтылатын бетсіздердің өтірігі және статистика.
Марк Твен

Өмір сүрудің екі заңын білген адам бақытты болар. Бірі — не болса соны жей бермей, азығына талғаммен қарайтын жан; бірі — кім болса, сонымен дос болмай, айналысындағы достарын жөнімен таңдай білетін адам.
Омар Хайям

Байлық – бұл өмірді соңына дейін сезе білу қасиеті
Генри Дэвид Торо

Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,
Қайта тұрып, қақың бар жүгіруге
Мұқағали Мақатаев

Мен ең әуелі сырт көрініске назар аударушы едім, өйткені адам өмірінде оның үлкен мәні бар. Салдыр - салақ адамның іс - әрекеттері, сүйкімді болады деп ойлаудың өзі қиын.
Антон Макаренко

Дәл қазір қолыңызда өмірдің қиын - қыстау кезеңіне төтеп беруге көмектесетін дүниенің барлығы бар.
Брайан Трейси

Өмірде тек өзіңізді түбегейлі өзгерте аласыз.
Олдос Хаксли

Адам өмірі - қамшының сабындай ғана қысқа екен, досы көп, ұрпақ тәрбиелеген ұтады екен.
Қорқыт ата

Сынық қанат көбелек – ол да өмір іздемек.
Абай Құнанбайұлы

Дүние түске дейін киіз, түстен кейін мүйіз болып кетуі әп - сәтте
Дінмұхамед Қонаев

Кедейлік пен борышқор болудың айырмашылығы бар, екіншісі уақытша болса, біріншісі өмір бойына.
Роберт Кийосаки

Тек ақиқат білім ғана күдік туғызбайды, ол өмірді бағалауға, тұрмыс құруға үйретеді
Шоқан Уәлиханов

Өмір - кеме, жүзем онда демеңіз,
Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз.
Әбул - Хасан Рудаки

Ғалымға азық берер қайнар көзі кітап бетімен, лаборатория аумағымен ғана шектелмейді, өмірді танумен, еңбек адамының жасампаз ісін танумен кең өрісін табады.
Қаныш Сәтбаев

Адамның негізгі міндеті күнелту емес, өмір сүру.
Джек Лондон

... біліміңді еңбек пен өмірдің өзінде шыңдап отыр! Сонда ғана білім деп аталатын асыл тас ешқашан тот баспастан жалтырай да жарқырай береді.
Қаныш Сәтбаев

Адамның басшысы - ақыл, шолушысы - ой, жетекшісі - талап, қорғаушысы - сабыр, сынаушысы - халық, таусылмайтыны - арман, ең қымбаттысы - ар сақтау, бәрінен ардақтысы - өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі - сыйластық.
Төле би Әлібекұлы

Әлемдегі үздік білім — өмір үшін күресте беріледі.
Уэнделл Филлипс

Ғылымды үйреніп, оны өмірге қолданбаған кісі — жерін айдап, дәнін сеппеген адамға ұқсас.
Саади Ширази

Ғұмырыңды ұзартқың келсе, тамақты тарта іш.
Бенджамин Франклин

Бұл қандай өмір, егер ол достарымның өмірімен төленген болса!
Юлиус Фучик

Өмір еңбексіз ештеңе бермейді.
Гораций

Кәрілік екі көзді қызартады,
Сүйектің етін сылып, ұзартады.
Еңкейсең етпетіңнен түсіргендей,
Батпандап тізе тұсқа тұз артады.
Жамбыл Жабаев

Болған шақтың өз сұлулығы бар, өз қызуы ұшқырлығы бар.
Ғабит Мүсірепов

Өмірде адам не көрмес: көтергенмен кеудесін - жақсыға жаман тең келмес.
Базар Оңдасұлы

Терең су жай ағады, ақылды адамдар тыныш өмір сүреді
Александр Пушкин

Меніңше, бұл өмірде махаббаттан асқан қазына жоқ.
Ілияс Есенберлин

Талас - тартыс жоқ болса - өмір абақтыға айналар еді.
Әлихан Бөкейханов

Достарды екі топқа бөліп, қарастыруға болады. Біріншісі - белгілі бір уақыт қана сіздің өміріңіздің қонағы болса, екіншісі – қандай қиындық туса да қасыңыздан кетпейтін жандар. Оларды бағалай білу керек. Өйткені олар өмір бойы сіздің қасыңызда болады.
Агата Кристи

Таңертең оятқышыңыздың шырылдамай қалуы - өміріңізді өзгертіп жіберуі мүмкін.
Агата Кристи

Адамдардың сыпайыгершілікке уақыты жетпейтіндей өмір соншалық шолақ емес.
Ральф Эмерсон

Жалғыздықпен өмір сүру және одан рахаттану - ұлы қабілет.
Бернард Шоу

Түрмедегі ең қорқақ адам - оның директоры.
Бернард Шоу

Өмір тәтті - бүгін қолың жеткенде,
Удай ащы - ертең тастап кеткенде.
Иүгінеки Ахмед

Ұрлаған ұры емес, ұсталған ұры.
Бернард Шоу

Махаббат қашанда трагедиялы болады. Ол өмірдің заңдылығы.
Александр Куприн

Қартаю зерігерлі, бірақ ол ұзақ өмір сүрудің жалғыз жолы.
Бернард Шоу

Оқы және үйрен. Маңызды кітаптарды оқы. Қалғанын өмірдің өзі түсіндіріп береді.
Федор Достоевский

Адам жүрексіз өмір сүре алмайтыны сияқты, отансыз да өмір сүре алмайды.
Константин Паустовский

Өмірде кездесетін әр қиындықтың бір қуанышы болатынын ұмытпаған жөн.
Ник Вуйчич

Қандай жағдай болса да өмір тоқтап қалмайды, осыны ескеріңіз.
Сергей Довлатов

Өзіңіздің істеріңізге өзіңіз сүйсініп қарайтындай етіп өмір сүріңіз.
Ник Вуйчич

Ақылды адам өмірге бейімделуге тырысады, ал ақылсыз өмірді өзіне бейімдегісі келеді.
Бернард Шоу

Өмір парасаттылығы адамдардың парасаттылығынан әлдеқайда терең және кең.
Максим Горький

Айналамызда ерекше заттар көп. Бірақ жазушылар бізге қарапайым, күнделікті өмірдегі оқиғаларды айтады.
Габриэль Гарсиа Маркес

Адам анасынан туған күні ғана дүниеге келмейді. Өмір сүру барысында да мың өліп, мың туылады.
Габриэль Гарсиа Маркес

Жаман болса әйелің – арманда өтер өмірің,
Артылғандай есекке.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Дүние бірде - бал, бірде - у ұсынар.
Иүгінеки Ахмед

Барлық тамаша кітап бір - біріне ұқсас келеді, себебі олар өмірден шынайы.
Эрнест Хемингуэй

Қыз бен жігіттің бір - біріне бауыр басып қалуы - өмірге деген көзқарастарының бірдей болуынан басталады. Олардың ойлары әрқашан бір жерден шығады.
Агата Кристи

Бұл өмірде мені айналып өткен аурулар өте көп. Сондықтан мен өзімнің осы өміріме де ризамын.
Ник Вуйчич

Шын мәнінде құбыжықтар мен әруақтар өмір сүреді. Олар біздің ішімізде. Тіпті кей кезде бізді жеңіп кетеді.
Стивен Кинг

Бейнет көрме, біреуге бейнет берме,
Дүние - алдамшы, өмір - қу деп елірме.
Қамдан, сақтан, қалғып бақ бәле келсе,
Бәрін құдай қылады дегенге ерме.
Шәкәрім Құдайбердіұлы

Кейде бір жамандықтан кейін екінші жамандық күтіп тұрады. Алайда оған бола өмірден түңілудің керегі жоқ. Әлі алда талай тамаша күн туатынына сеніңіз.
Александр Куприн

Өмірде еш нәрседен жүрексінбей сүңгіңіз. Ол сізді алдамайды. Өмір керемет картиналары, мыңдаған бөлмесі, жарқыраған жарығы, ақылды, әсем, биязы адамдары бар бір үлкен ғимарат секілді. Ал осы сарайдың ең әдемі жерінде тұру үшін өмірдің барлық өткелдерінен өтуіңіз керек. Ерінбей еңбек еткен адам ғана бақытқа қол жеткізеді.
Александр Куприн

Жас адам қартаяды, жаңа нәрсе ескіреді.
Иүгінеки Ахмед

Алкоголь - өмір деген отадан аман өтуге арналған анестезия.
Бернард Шоу

Ер адамның өміріндегі маңыздылығы бойынша екінші деңгейлі оқиға яхта сатып алу, ал ең маңыздысы сол яхтаны сату сәті болмақ.
Дональд Трамп

Өмір маған ең маңызды сабағын берді: Сізді қиын жағдайда жалғыз қалдырған адамды кешіруге болмайды. Ол сізді тағы да алдауға дайын.
Дональд Трамп

Өмірдің басты қағидасы – өмір сүру. Қолыңыздан келмесе де өз - өзіңізге: «мен мына затты жасай аламын», - деп уәде беріңіз.
Стивен Кинг

Өткен іске өкінбеу керек. Өмірден алған соққылардың бәрі маңызды емес. Маңыздысы – біздің еш нәрсеге мойымай, алға қарай ұмтылып, өмір сүріп келе жатқандығымыз.
Стивен Кинг

Егер сіз біреуге бірдеңе дәлелдегіңіз келсе, демек сол адам үшін өмір сүріп жатырсыз. Ал өзіңіз үшін өмір сүрсеңіз, сіз ешкімге ештеңе дәлелдемес едіңіз.
Михаил Литвак

Өмір - самал, ажал - амал.
Тоқсары

Өнердің өмірден айырмашылығы - өнер өмірден үйренбейді.
Асқар Сүлейменов

Әр адамның мінезі – астындағы тұлпары. Соның ағынымен адамдар өмірден зымырап өтіп жатады.
Бауыржан Момышұлы

Уақытты таңдамайды - онда өмір сүреді.
Нұрсұлтан Назарбаев

Адамдарға ақыл - парасат өз өмірін жақсарту үшін берілген.
Нұрсұлтан Назарбаев

Әр адамның өмірінде ұзақ күн, ұзақ түндері болады. Қысқа күн, қысқа түндері де болады.
Ғабит Мүсірепов

Атаның орны балаға қалады.
Жүсіп Баласағұни

Асылы, адам - өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар, түр беруге, оны әшекейлеп, өрнектеуге еңбек етеді.
Ғабит Мүсірепов

Бұл фани ұзақ болса жүз жыл болар,
Байқасаң тоқтауы жоқ бұл бір сонар.
Сонаршы кешке дейін түлкі қуған,
Күн батып, шаршаған соң, ақыр қонар.
Сүйінбай Аронұлы

Бағың барда, жігіттер, - тоқталып, сірә, іркілмес,
Жұрт қарасын қызығып, бәрекелді деп шіркінге.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы