22 Желтоқсан, Жексенбі

Әдебиет

Ахмет Байтұрсынұлы
Ахмет Байтұрсынұлы (1872 – 1937) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.

Әлібби тақырыбты Ахметтің байандамасы



1 - Әлібби түзеу деген түрік жұртында көптен келе жатқан мәселе. Мәселе қозғалғаннан бері түрік әліббиінің түзелген жақтары да бар. Түрік әліббиінің түбі арабтан шыққанмен, түрік тіліне икемделіп, өзгеріс кіріп, таза күйінде тұрмағандықтан, мен оны, араб әліббиі демей түрік әліббиі деймін.

2 - Осы күнгі жұрттардың бәрі де өзі шығарған әліббиін тұтынып отырған жоқ. Бәрінікі де өзгеден өзгертіп алған әлібби иауропа жұрт- тарының тұтынған әліббиінің түбі көне семит әліббиі. Көне семит әліббиін өз тіліне үйлестіріп пінікіие жұрты алған; Онан грек алған, гректен латын, иаурыпа жұрттары алған. Түрік әліббиінің түбі де көне семит әліббиі. Онан көпеліктер алған, көпеліктен араб өз тіліне үйлестіріп алған, арабтан иран, түрік жана басқа мұсылмандар алған. Солардың қайсысы да бірінің әліббиін бірі алғанда, тұрған қалпында алмаған, өз тілінің дыбыстарына қарай өзгеріс кіргізіп алған, тіліне әліббидің артығы болса, алып тастаған, кемтігі болса әріп қосып толықтырған, дәл келмеген әріптер болмаса, оның не түсін өзгертіп, не дыбысын өзгертіп алған. Сондай өз тіліне икемдеп өзгеріс жасап алған әліббилеріне әр қайсысы өз аттарын қойып латын әліббиі, орыс әліббиі дегенде, түрік өз тіліне үйлестірген әліпбиін түрік әліббиі деп, қазақ онан өз тіліне үйлестіріп алған әліббиін қазақ әліббиі деп атауға жолымыз болуға тиіс.

3 - Түрік жұрттары әлібби түзейміз десе, бәрі қосылып бір әлібби түзей алмайды; өйткені тілдеріндегі дыбыстарының түрлері бірдей емес. Дыбыстары бірдей болмаса, бәріне бірдей жалпылап әлібби жасауға болмайды, өйткені олай жасалған әліббидің не әріптері тұс келмеске тиіс, не әріптерінің дыбыстары тұс келмеске тиіс. Сондықтан түрік жұрттары үшін бір әлібби түзеу деген мәселені – бір әліббиді бәрі негізге алып, түрік жұртының әр қайсысы өз тіліне үйлестіру деп түсіну керек. Солай болған соң бізге ең әуелі, негіз боларлық әлібби керек; Сол әліббиді қарастырып табуымыз керек.

4 - Түрік жұрттары әліббиі жоқ жұрт болса белгілі – белгілі әліббилер- ді алар еді де, түрлі жағынан қолайлы қолайсыздығынан қарар еді де, ұнатқан біреуін алар еді. Түрік жұрты ондай емес, көптен тұтынып келе жатқан әліббиі бар жұрт. Көптен қолданып көзге үйір болып, көңілге сіңген, қалыққа тамыры таралған әліббиді тастай салып, басқа әлібби ала қойу оңай жұмыс емес. Солай болған соң түрік жұрттары бәріне бірдей негіз боларлық әлібби іздегенде, әуелі, өз әліббиінің ондай негіз болуға жарайтұн жарамайтұндығын анықтап ашарға керек. Екінші өз әліббиі жарамаса, онан артық әлібби табарға керек. Үшінші, қолайлаған әліббиді түрік жұртының әр қайсысы өз тіліне үйлестіру керек. Әлібби түзеу жүзінде алдымен істелетүн осы үш жұмыс.

5 -Түрік жұрттарында әлібби түзеу мәселесі қозғалып жүрген себебі – бір кезде түрік жұртының бұтақтары өскен соң, бәріне бірдей шақ келмей жүргендігі, ол кемшілік түрік әліббиінде жоқ деп ешкім айта алмайды. Бірақ сол кемшілігі не даражалы кемшілік? Негізді кемшілік бе, некен-сайақ кемшілік бе? Екінші сөзбен айтқанда түрік әліббиін негізге алуға жаратпай шығарып тастайтұн кемшілік бе? Болмаса олай-бұлай түзетумен оңдалатұн кемшілік бе? Осы жерін ашуымыз керек.

6 - Әлібби талғап бірін артық бірін кем дегенде, бірінде мін көп, бірінде аз дегенде, табан тіреп бағалайтұн бір тианақ болуы керек. Ол тианақ әлібби қасиеттерінен шығатұн нарқ боларға керек, ашып айтқанда онымыз әліббиді бұлды болсыз қылатұн сыпаттары боларға керек. Менің ойымша жақсы әліббидің қасиеттері мынадай болуға керек: 1. Жақсы әлібби тілге шақ болу керек. Өлшенбей тігілген о жер бұ жер бойға жуыспай, қолбырап, солбырап тұрған кең киім сияқты артық әріптері де қолайсыз; Бойыңды қысып, тәніңді құрыстырып тырыс- тырып тұрған тар киім сияқты әрпі кем әліпби де қолайсыз болады. 2. Жақсы әлібби жазуға жеңіл болуға тиіс. Әліббидің әріп сүгіреттері қиын болса, мүшелері көп болса, жазуды ұзақтатып уақытты көп алады. 3. Әліббидің жақсысы баспа ісіне қолайлы болу тиіс, әріпі тізгенде оңай тізілетұн, басқанда орынды аз алатұн әлібби баспа сөзді арзандатады. 4. Жақсы әлібби үйретуге де қолайлы болуы тиіс. Әрпі сара жазуға оңай, баспасымен жазбасының суреті жақын әліпби үйретуге жеңіл болады. Жақсы әліббиге ылайық бұл төрт сыпатқа келмейтұн әліббилердің бәрі де кемшілікті әлібби болмақ. Тұтынып жүрген түрік әліббиін бұлдағанымызда да, басқа әліббиді бұлдағанымызда да, осы төрт сыпат жағынан қарап бұлдауымыз керек.

7 - Тұтынып жүрген әліббидің о жер бұ жерін өзгертіп түзету деген оңай нәрсе; Тұтынып жүрген әліббиді тастап, басқа әлібби алу деген ол – өте қиын жұмыс. Оны істеуге көп қаржы керек. Ондай өзгеріс жасау: Істеуге адамы құралы сай, жұмсауға қаржысы мол, әлді жұрттардың қолынан келмек. Біздер сияқты анасы да мынасы да жоқ – мешеу жұрттарға бір әліббиді тастап екінші әліббиді ала қою оңай жұмыс емес. Солай болған соң, біз осы күнгі тұтынып жүрген әліббиімізді әбден тексеріп, негіз болуға тіпті жарамайтұн болғанда ғана, шарасыздықтан басқа әліббиді негізге алуымыз керек. 8 - Түрік әліббиінің қолайсыздығынан залал шегіп жүрген түрік жұрт- тарының әр қайсысы қандай кемшілігі бар екенін, ол кемшіліктері түзеуге боларлық кемшілік бе, болмайтұн кемшілік бе, – болмайтұн кемшілік бе, – ашу керек. Қазақ да, башқұрт да, ноғай да, өзбек де, түрікбен де, азырбайжан да түрік әліпбиінің негіз болатұн – болмайтұн кемшіліктерін әбден ашса, сонда түрік жұрты болып, басқа әлібби іздеуге болады. Оған дейін латын әліббиін аламыз деп, жасалып жатқан жобалар асыққандардың ісі болса керек.

9 - Мәселенің қазаққа қараған жағына келсек, біз түрік әліббиін түзеп, тілімізге шағындап әлібби жасағанымызға он жылдан асып барады. Қазақ әліббиі түрік әліббиін негізге алып, қазақ тілі үшін әлібби жасау оңай екендігін көрсетті. Қазақ басқа әлібби аламыз десе, өзгелерді еліктеу- мен аламыз демесе, өз әліббиі жарамағандықтан, шарасыз болып аламыз демейді. Қазақ тілінің дыбыстары анықталып ашылған, ол дыбыстарға әріп арналған. Әлібби деген осы болады. Біз әлібби түзейміз дегенде түрік әліббиін тілімізге келмеген соң тастап түзейміз демейміз, әліббиіміздің түзелмей қалған жағы бар; Сонысын ғана түзейміз дейміз.

10 - Түрік әліббиінің басқа түрі қолайсыз. Онысы баспа ісі жүзінде де, үйрету жүзінде де кемшілік қылады. Біздің баспа әріптеріміз жазба сияқты тіркесіп басылады. Иаурыпа жұрттарының, онан басқа да жұрттардың көбінің ақ баспа әріптері дара басылады. Дара әріп сара көрінеді. Жазба түрінде тіркесіп басылған да, әріптің баста, ортада, аяқта ұшырайтұн түрлерінің бәрі алынып, бір әріп бірнеше түр болып саралығы кемиді. Мұнан келетұн кемшілік, әуелі бір әріптің бірнеше түрде болуы әріп ұясын көбейтіп, әріп тізу жұмысын қиындатады; Екінші әріп саралығын кемітумен үйреткен шақта кемшілік қылады. Үшінші сол кемшілігінің кесірінен осы күнге дейін түрік жұрттары қол мәшина жасатып, тұтына алмай келді. Біз әлібби түзейміз дегенде әліббиіміздің осы кемшілігін түзетеміз дейміз. Әлгі айтылған үш түрлі кемшілік бәрі келіп бір шұқырға құйатын кемшілік, әліббиіміздің баспа түрін даралаумен үш кемшіліктің үшеуі де жоғалмақшы.

11- Баспа түрін даралау қолдан келместей онша қиын да, көп те жұмыс емес. Әріп түрі дара мен тіркес екеуінің аралығында басылса оқуға болатұндығын көрсетерлік аз да болса тәжірибе бар. Қол машинаға жасалған әріптермен дара басылған сөздерді жылдам оқып кетпегенмен ақырында оқуға әр кімге де болады. Тануға болса, жылдам оқу деген көз үйренумен жаттығатын нәрсе, қол машинаға жасалған әріптер де көре- біле амалсыздықтан көніп отырған кемшіліктер бар. Баспаға арнап жасаған әріптер де ол амалсыз жіберіліп отырған кемшіліктер болмайды. Сөйтіп қазаққа қолайсыздық қылып отырған түрік әліббиінің жалғыз ақ баспа түрі болып шығады; Сондықтан біздің әлібби түзейміз дегендегі істейтін ісіміз әріптердің баспасын дара түрге айналдыру болып шығады.

12- Қазақ тіліне түрік әліббиінен қолайлы әлібби бар шығар, оны неге қарастырмаймыз, оны неге алмаймыз деуші бар шығар. Солай болған соң мәселенің бұ жағында үндемей өтуге болмайды. Соңғы кезде түрік тіліне өте қолайлы деп жүрген әлібби латын әліббиі. Бұл әліббидің түрік әліббиімен салыстырғанда артықтығы жалғыз ақ баспа түрінің даралығында; Басқа жағынан қарағанда кемшілігі көп, артықтығы жоқ. Жоғарыда айтылған жақсы әліббиге лайық төрт сыпат жағынан сынға алып, екі әліббиді қатар қойып қарап шықсақ екеуінің де артық кем жері белгілі болмақ.

13- Жақсы әліббидің белгісінің бірі – тілге шақтығы деп едік. Әуелі екі әліббиді осы жағынан салыстырып қарайық: қайсысы қазақ тіліне сәйкесірек келеді екен. Түрік әліббиінің қазақ дыбыстарына тұспа-тұс келгендіктен өзгерту- сіз, ережесіз тігілей алынған әріптер: А, б, п, т, ж, д, р, з, с, ш, ғ, қ, к, г, ң, л, м, н, и барлығы 19 әріп. Бұрын дербес иемдеген дыбысы жоқ болып бірде олай, бірде бұлай жұмсалып жүргендіктен ережелеп бекітіп алып отырған әріптеріміз: ұ. Латын әліббиін алуға жасаған жобаға қарағанда (Қалел жобасы), латын әліббиінен қазақ дыбыстарына тұспа-тұс келгендіктен өзгертусіз, ережесіз, тігілей алынатұн әріптер: А(а), B(b), d (д), 1(Λ), m(м), n(н), о(о), p(п), r(р), s(с), t(т), z(з), k(к), g(г) – барлығы 14 әріп. Нақ тұспа-тұс келмегенмен жуықтығы барлықтан ережелеп икемдеуге келетұн әріптер: е(е), j(ж), i(и), u(у) – бесеу. Қазақ дыбысына жуық келетұн де әріп болмағандықтан өзгертіп алынатұн әріптер: g(ғ), k(қ), n(ң), ө(ұ) – төртеуі. Мұның үстіне дербес бір әріп келмегендіктен, екі белгімен алынатұн ш дыбысының әріпі sh(ш) бар. Бұл салыстыру жүзінде латын әліббиінен түрік әліббиінің анағұрлым артықтығы айқын-ақ көрініп тұр: Түрік әліббиінен ережесіз, өзгертусіз 19 әріп қазақ дыбысына сәйкес келгенде, латын әліббиінен 14-ақ дыбыс сәйкес келіп тұр. Түрік әліббиінен ережемен 4 әріп алынғанда, латын әліббиінен ере- жемен 5 әріп алынатұн көрінеді. Түрік әліббиінен өзгертумен алынған әріп біреу-ақ; Латын әліббиін алғанда ондай әріп төртеу болатұн көрінеді. Түрік әліббиінде бір дыбысқа екі әріп алынбайды; Латын әліббиін алғанда ондайда болатұн көрінеді. Жақсы әліббидің екінші сыпаты жазуға жеңілдігі деп едік. Енді ол жағынан да салыстырып қарайық. Әріп суретінің оңай қиындығы да мүшесінің аз-көбі де қалам сермеуінен өлшенеді. Қаламның бір сермеуімен жазылатұн әріп екі сермеумен жазылатұн әріптен шапшаңырақ жазылады, қаламның қысқа сермеуінен жазылатұн әріп ұзын сермеумен жазылатұн әріптен шапшаңырақ жазылады. Бұ жағынан салыстырғанда да түрік әліббиінің анағұрлым артықтығы айқын екендігін көру қиын емес. Түрік әліббиіндегі қалам сермеу саны: А(1/2-1), б(1-2), п(11/2-2), т(11/2-2), ж(11/2-2), д(1), р(1/2-1), з(1-2), с(1/2-1-3), ш(11/2-2-3-4), ғ(1/2-1), қ(11/2-2), к(2), г(3), ң(3), н(11/2-2), л(1), о(1), ұ(2), у(2), е(2-1), ы(1), и(11/2-2) барлығы 33-41; оның да көбі нүкте. 2) Латын әліббиіндегі қалам сермеу саны: а(2), b(2), p(2), t(2), j(2), hs(2), d (2), r(2), z(2), s(2), g(2), k(2), k(4), g(3), n(3), n(3),m(3), 1(1), о(1), ө(2), u(2), е(1), у(2), і(2) барлығы 53 сермеу. Жақсы әліббидің екінші сыпат жағынан да түрік әлібби анағұр- лым артық болып шықты. Түрік әліббиінде қалам сермеуі 41, латында 53. Түрік әліббиінде сермеудің көбі нүкте сияқты қысқа сермеу. Қысқа сермеулі әріппен ұзын сермеулі әріпті жазу екеуі бірдей болмайды. Жақсы әліббидің екінші сыпат жағынан да түрік әліббиі анағұрлым артық болып шықты. Түрік әліббиінде қалам сермеуі 41, латында 53. Қысқа сермеулі әріппен ұзын сермеулі әріпті жазу екеуі бірдей болмайды. Жақсы әліббидің үшінші қасиеті – баспаға қолайлылығы деген едік. Бұ жағынан бәйгені латын әліббиі бұл бәйгені де ала алмайды.

Жақсы әліббидің төртінші қасиеті үйретуге жеңілдігі деп едік. Әлібби үйретуге жеңіл болады:

1) әріптерінің пішіні саралығымен;

2) баспа түрі мен жазба түрінің жақындығымен;

3) суретінің жабы сүгірейлігімен, - жазуға шеберлікті онша керек қылмауымен.

Саралық жағынан түрік әліббиінің осы күнгі түрі латын әліббиінен төмен; өйткені баспасының бас, орта, аяқ түрлері әріп саралығын кемітетіндігі жоғарыда айтылды. Даралық жоқта әріпте саралықта болмайды баспасын саралағанда түрік әліббиі латын әліббиінен саралық жағынан де кем болмайды. Қатталатын әліббиі ұлылы-кішілі әріптерімен алынса, түрік әліббиі үйрету жағынан да артық болады. Түрік әліббиі дараланған шақта латын әліббиі ұлы әріпсіз болған шақта, екеуі саралық жағынан да үйретуге жеңілдік жағынан да теңеледі. Баспа түрі мен жазба түрінің жақындығы жағынан салыстырғанда, түрік әліббиі латын әліббиінен озады: баспаға түрік әліббиінің жазба түрі алынған соң екеуінің арасында айырымы аз болатыны айқын нәрсе. Түрік әліббиінің баспасын даралағанымызда, осы күнгі дара түрі мен тіркес түрінің орталығанда етіп баспа әріптер жасалса баспа түрімен жазба түрінің арасындағы жақындық ілгеріде де сақталмақшы. Дара түрін олай жасау қолдан келетұн нәрсе. Сүгіреттерінің жабы сүгірейлігі жағынан салыстырғанда түрік әліб- биі латын әліббиінен тағы озады. Әріп жабы сүгірейлеу болса үйретуге келтіретұн жеңілдігі жазу үйреткен кезде болады. Бала болсын, үлкен болсын қат білмейтін адамның жазуға үйренбеген қолына әріп суреттері неғұрлым жабы сүгірейлеу келсе, – неғұрлым шеберлікті аз керек қылса, сол құрлым жеңілдік келтірмек. Латын әліббиінен көрі түрік әліббиінің жабы сүгірейлік көп екеніне ешкім таласбас деп екеуін қатар қойып қарап жатуды қажет көрмеймін, керек деушілер болса қатар қойып қарап өтуге де болады. Оның үстіне түрік әліббиінің жазу үйреткендігі келтіретұн тағы жеңілдігі – түрік әліббиінің 14 әрпін жазып үйренген соң, былайғы 10-ы үйретусіз жазылады. Сөйтіп манағыдан бергінің бәрін қорытып айтқанда, екі әліббиді салыстырып қарағандағы көргеніміз не? Түрік әліббиінің латын әліббиінен кем жері баспа түрінің дара болмай, тіркес болғандығы. Басқа жағынан көбінесе түрік әліббиі артық болып шықты. Баспа түрін дараласақ, ол жалғыз кемшілік де жоғалмақшы. Әріпті даралау түрік әліббиін тастап латын әліббиін алудан әлбетте оңай болса керек.

15- Латын әліббиін алу деген сөз екі әлібби әбден тексерілгеннен кейін шығып жүрген сөз бе, тексерусіз тек алайық дегеннен шығып жүрген сөз бе – ол жағы маған қараңғы. Тексеріп қарасақ, латын әліббиінің түрік әліббиінен кемдігі болмаса, артықтығы көрінбейді. Жаманнан жақсыға залалдан пайдаға бой ұрыу – жөні бар дұрыс іс оны әркім-ақ қостау тиіс, жақсыдан жаманға, пайдадан зиянға бой ұрғанда, оны дұрыс деп қостауға болмайды. Латын әліббиін аламыз деушілер ол әліббидің түрік әліббиінен не артықтығын айқындап ашбай, пайдалы екендігін байналап түсіндірмей тек пәлен-түгендер алып жатыр; бізде аламыз дейді. Еліктеу мен лепірту базары көтеріңкі нәрсе екені ырас; Бірақ біреу алып жатыр екен деп латын әліббиін алуға болмайды. Біреудің істегенін дұрыс, бұрысын тексерместен істеу тек еліктеу болады; Тек еліктеуді маймылша еліктеу деп айтады. Тесе қарап тексеріп, түрік әліббиінен латын әліббиінің артықтығы мынау, пайдалылығы мынау деп көзге көрсеткен, ешкімді әлі көргенім жоқ. Көбінікі құр дүбірге қызу, дүрмекке еру сыйяқты көрінеді.

16-Латын әліббиін түрік әліббиінен кем де болса аламыз дер едік, Латын әліббиі иаурыпаның мәдениетті жұрттардың пәеді, сәнді әдебиеттерін өзімен ала келетұн болса, яғни ол жұрттар бізбен тұқымдас тілі жақын болып, олардың газет, жұрнал, пән кітаптарын оқып кететұн болсақ, әліббиін алған мен тіліміздің арасында ешбір жақындық болмаған соң, латын әліббиінен ондай пайданы көре алмаймыз. Болмаса, латын әліббиін тұтынған жұрттар орыстың орнында болып, аузына қарап, әмірін күтіп, балаларымызға тілін үйретіп отырған жұрттар болса екен. Онда да латын әліббиін түрік әліббиінен төмен болса да, алуда мағана бар дер едік. Ең болмаса, латын әрпін тұтынған жұрттар мен көрші отырып, аралас-құралас болып, қатысып, қабысып, түйіндесіп жатқан істеріміз болса екен; Онда да пайда-майдасы тиердер едік. Мұнда ода жоқ. Тіпті қолайлығын қойып, сұлулығы үшін аламыз десек, ол жағынан да латын әліббиінің жеңіп шығыуы нағайбыл; Өйткені сұлу жазу қолдың шеберлігіне қарайды. Қолы шебер адам екеуімен де сұлу жазады, қолы олақ адам екеуімен де жаман жазады жазбасы емес басбасының сұлулы- ғы үшін аламыз десек, басба әріптің суреті шебер қолынан шығады, шебер қолынан екеуі де сұлу болып шығуы ықтимал.

17- О жақ бұ жағына қарап латын әліббиіне қызығарлық еш нәрсе таба алмаймыз. Латын әліббиін алғанда, келтіретұн пайдасы жоқ болмақ, істейтұн зияны көп болмақ зияны сол – бұл «сау басқа сақина тілеп алуда» болмай ауру үстіне ауру тілеп алу болады. Біздің осы күнгі ауруымыздың зоры: Мешел өскендіктен мәдениет жүзіндегі мешеулігіміз; надандық, сауатты адамдардың, іс қыла білетұн адамдардың аздығы, қаржысыздық, тағысын тағы мәдениет жағынан кемшіліктер. Сол аурудың үстіне латын әліббиінің ауруы келіп жамалмақ. Латын әліббиін аламыз деушілер сол қиялын қалай жүзеге шығара- мыз дейді екен? Түрік әліббиін қалайша қалдырып, латын әліббиін қалай- ша жүргіземіз дейді екен? Осы күнгі азда болса түрікше сауаттылықты латын әліббиінің жолына құрбан қылып, түрікше сауатты адамдарымыз- ды сауатсыздыққа айналдырамыз дей ме екен? Әйтпесе бала оқытуға күш құрал қаржы табылмай жатқанда, түрікше сауаттыларды бір күнде латынша сауатты қылып жібереміз дей ме екен? Болмаса, бұрынғы сауаттыларға газет, жорнал, кітаптарды түрік әліббиімен бастырамыз дей ме екен? Олай ойлайтұн болса, осы күні бір әліббимен бастыруға табылмай жатқан қаржыны латын әліббиі ала келеді дей ме екен? Осылардың бәрін анықтап ашып, түрік әліббиін түзеуден латын әліббиін алудың оңайлығын көрсеткенше латын әліббиі түрік әліббиінен жұмысының жеңілдігі жағынан да бәйге ала алмайды, түрік әліббиін түзеу жұмысы жалғыз ақ басба әрпін даралау мен бітеді. Ол жұмыс латын әліббиін алудан жүз есе оңай болатұнына таласатұн адам табылар ма екен?