22 Желтоқсан, Жексенбі

Әдебиет

Ахмет Байтұрсынұлы
Ахмет Байтұрсынұлы (1872 – 1937) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.

Тіл - әдебиет






(Бұл Кеңес жазушының өз сөзіменен өзгертілмей басылды)

Бір кеуде-пенденің дүниеде жасауы, бар болып тұруы үшін жан-рух керек. Бір халық, бір елдің де дүниеде бір миллет, ел болып жасауы, тірлік етуі үшін тіл керек, әдебиет керек. Жансыз кеуде дүниеде жасай алмас, шіріп, топыраққа айналып жоқ болар! Тілі, әдебиеті болмаған миллеттің де тап сол жансыз кеудеден айырмасы болмас, өзіне айырым әдебиеті болмаған миллеттер де дүниеде жасай алмас. Жасар бірақ жасауы ұзаққа бармас. Әдебиеті яғни жаны бар миллеттерге азық болар, жем болар, сөйте, сөйте ол миллет өзі де дүниеден жоқ болар!

Тіл-әдебиет бір миллет үшін әлбетте керек. Оның керектігі турасында жазылмақ сөздердің бәрінде бұл орында жазып бітіру мүмкін емес. Ол турада неше том кітаптар жазылса да аз. Сондықтан мен бұл орында әдебиет турасында жазылмақ сөздердің жалғыз-ақ – «Фәһәрісті» ғана жазамын:

Тіл-әдебиет бір миллеттің жаны һәм рухы-дүр.

1) Сәне ғалия топлы қағидалы бір әдебиетке мәлік болмаған бір миллеттің жансыз кеудеден ешбір айырмасы жоқ-дүр.

2) Әдебиеті болмаған миллет тілі шықпаған жас бала кебі-дүр. Себебі, өзінің басындағы қайғы һәм шаттықтарын басқаларға айтып түсіндіре алмас. Сол сияқты әдебиеті болмаған миллет те өзінің басына келген қайғы-қасіретті, шаттық уа қуаныштарды бір-біріне айтып ұқ- тырудан ғажың болар. Басқа сүйектес уа жыныстастарын өзінің қайғы уа шаттықтарына ортақтастыруға күші жетпес. Солайша айырым бір миллет, ел болып жасау үшін ләзім һәм керекті болған беріктік, ынтымақ, бір-біріне жәрдем ету кебі шайырлардың олар махұм болар.

3) Дүниеде бір миллетті өз басына айырым бір миллет еткен, һәммәда бір миллет пен екінші бір миллет арасын жуықтатқан, бір-біріне біріктіріп екі миллетті бір миллет қалпына келтірген себептердін, ең зорысы да тіл уа әдебиет-дүр. Бәнә ғалия өзіне айырым әдебиеті болмаған бір милләт балалары да өздерінің миллеттерін сақтай алмас. Сақтай алмаулары үстіне өздерінен жоғары болған екінші бір миллеттің тіл уа әдебиетін үйренсе, оның тіліне де әдебиетіне де жаны һәм кеудесімен ғашық болар! Өз тіл әдебиетін ұмытар, тілімен бірге өз миллетін де ұмытар. Бара-бара сол екінші миллетке сіңіп, оған бала болар. Балаларына жастан өз тілін жақсы үйретпеген, олардың көңілдеріне құры өгей ана сияқты тәрбие еткен миллет те келешекте балаларынан өзінін, қылған жақсылығы, берген тәрбиесі дәрежесінде ғана хақы алар, жақсылықты көрер. Балалары да оған өгей анаға қараған көзбен қарар. Миллет пен балалары арасындағы бұл ала көздік, шафеғатсыздық миллеттің ... ақырында бітуіне себеп болар. Міне, осы себептер үшін емес пе, бұл заманда бір миллет өзінен күшсіз болған екінші миллеттің миллеттігін тіліне, оған бір кетік жасайын десе ең алдымен ол бейшара миллеттің тіліне, әдебиетіне балта шабады. Өз әдебиеті олардың ана тілі орнынан таратуға әжәйәд қылады. Өз ана тілін ана сүтімен бірге емген өз әдебиетінің бағасын біліп, дәмін сезген миллет балалар өз тіліне ата-анасынан артық құрмет етер. Тіл уа әдебиетін жоғалтпас үшін жанын да пида етер... Заманымызда күшті миллет пен күшсіздер яки хакім миллет пен мыхыкүмләр арасындағы... жанжалдардың көбісі осы тіл, әдебиет мәселесінен қозғалады.

4) Тіл-әдебиет дүниедегі барлық бақыт сағадаттың, ғылым-өнердің, дін уа мәдениеттің асылы-дүр. Кісіні кісілік дәрежесіне ілестіретұғын, мәдениет жолына кіретұғын бұ нәрселердің әдебиеті болмаған бір миллет арасында таралып, тамыр жаюы мүмкін емес... Жоғарыда айтылған сөз- дер бір миллет адамдарының дүние тірлігі үшін жейтін тамақ, дем ала- тын ауа, не қадар болса, тіл уа әдебиеттің сол қадар керек екендігі біраз аңланса керек.

Енді біз өз жайымызға келелік: біз де «қазақ» атанған бір миллет елміз. Санасақ, санымыз бес-алты миллионға толады. Біздің де өзімізге айырым тіл-әдебиетіміз әлбетте бар. Жоқ болса оны болдыруға, көміліп жатқан мол қазынаны дүние жүзіне шығаруға, үлкен-кіші баршамыз да борышты һәм міндеттіміз. Шонки біздің дүниеде бір миллет болып жасауымыз онсыз мүмкін емес. Түркі рулары арасында қазақ, тілінің ескі һәм сөздікке бай, ескі болғандығы үшін де бек саф, нағыз тіл екендігі жұртқа мағлұм. Нағыздығы, байлығы жағынан қарағанда тіліміз Осман һәм татар, кей басқа туғандарымыздың тілдерінен көп алда-дүр. Іликин әдеби жағынан қарағанда тіліміздің олардың тілдерінен артта екендігінде іңкәр айтып болмайды. Біз бұл орынға қадар бір миллет үшін тіл әдебиеттің не қадар керек болғандығы, қазақ та бір миллет, ұлықтан оның да өзіне айырым бір әдебиеті боларға керек екені біраз аңлатсақ керек. Қазақ тілінің сөзінің көптігі, сөздігінің молдығы себепті – бай, ескілігі, жат сөздерден саламат болғандықтан бек саф, нағыз екендігінде біраз сөйледік. Бұл сөздерді сөйлеуін сөйлесек те оқушылар арасында бұл сөздерді ұнатпаушылар бәлки оған ашуланушылар да болар? Қазақ тілін ескі һәм бай тіл деп мақтағаны, әдеби тіл емес деп жамандағаны қалай? Мұның бастан-аяқ әдебиет деп қақсағаны не нәрсе?–деп сүрдушылар да болар. Бәнә ғалия мен оқушылардың ашуларына, сұрауларына орын қалмас үшін келешекте әдеби тіл һәм әдебиет не нәрсе екенін оқушыларға ұқтырамын.