Әдебиет
Артур Конан Дойл
Артур Игнатиус Конан Дойль (Дойл) (1859 – 1930 жыл ) – шотланд және ағылшын жазушысы.
Жырық ерін
Әулие Георгий атындағы діни білім беретін колледждің ұстазы, кісі қолынан жазым болған марқұм Элиас Уитнидің інісі Айза Уитни наша тартуға дағдыланып алды. Колледжде жүрген кездің өзінде-ақ де Куинсидің нашақордың көретін түсі мен алатын әсері сипатталатын кітабын оқығаннан кейін аталмыш жазушының нендей кепті бастан кешкеніне көз жеткізу мақсатында әсіре әуестікпен темекіге апиын қосып тарта бастаған. Басқалар сияқты бүл да тастаудан гөрі тартудың әлдеқайда оңай болатынына көп ұзамай-ақ көз жеткізді, сөйтіп күллі дос-жаранының аяушылығын туғызып, үрейін ұшырып, ұзақ жылдар бойы өз құштарлығының құлы боп қала берді. Оның сарғыш тартып ісінген болбыр беті мен қарашығы сығырайып кеткен мөлиген көзін, креслода дәрменсіз жатқан денесін көз алдымда ап-анық көріп тұрмын – бір кездегі көшелі азаматтың қаусап, қалжырап біткен қалдығы еді бұл.
Бір күні кешкісін, 1889 жылғы маусым айында, дәп сол қайта-қайта есінеп, сағатқа қарағыштай беретін шақта, біреу келіп пәтерімнің қоңырауын шылдыратты. Мен креслоға тіктеліп отырдым, ал тігіп жатқан нәрсесін тізесіне қоя салған әйелім жақтырмай қабағын шытты.
— Науқас қой! - деді ол. - Ауырып жатқан біреуге баруыңа тура келетін болды.
Мен күрсініп алдым, себебі күні бойы дамылсыз жұмыс істеп шаршап, әлгі әзірде ғана үйге оралғам.
Ашылып жатқан есіктің салдырын, асыға сөйлеген біреудің дабыр-дұбыр дауысын және дәлізбен жедел адымдап келе жатқан аяқ дыбысын естідік. Бөлменің есігі шалқасынан ашылып, ішке қоңырқай түсті киім киген, бетін қара шілтермен бүркеп алған бір келіншек кіріп келді.
— Беймезгіл уақытта мазалап тұрғанымды айыпқа бұйырмаңыз, - деп сөйлей бастаған ол кенет еркінен айрылып қалды да, тұра ұмтылып әйелімді құшақтай алған күйі еңіреп жіберді. - Ой, мен үлкен қасіретке тап болдым! Маған қол ұшын беретін кім бар екен! -деп дауыс салды ол
— Өй, бүл Кэт Уитни ғой, - деді әйелім оның шілтерін көтеріп. - Шошытып жібердің ғой, Кэт. Бұл сен екен деп ойласам неғыл дейсің.
— Не істерімді білмей басым қатып кетті. Сосын саған баруды ұйғардым.
Бұл әдеттегі жағдай болатын. Бәлеге басы іліккен жұрттың бәрі жарыққа үймелеген көбелектей әйеліме қарай ағылатын.
— Өте дұрыс жасағансың! Жақсылап жайғас мына жерге, су қосылған шарап іш, сосын не болғанын асықпай айтып бер. Бәлкім, Джонды жатын бөлмесіне жөнелткенімді қалайтын шығарсың?
Жо-жоқ! Дәрігердің де кеңесі мен көмегі керек. Әңгіме Айза жайында. Үйге келмегеніне, міне, екі күн болды. Бірдеңеге ұшырап қалды ма деп зәрем жоқ.
Сормаңдай күйеуі турасында ол бізбен алғаш рет әңгіме-дүкен құрып отырған жоқ-ты -менімен дәрігер ретінде, ал жұбайыммен мектепте бірге оқыған ежелгі құрбысы ретінде сөйлесіп жүретін. Оны қолымыздан мейлінше жұбатып, көңілін тыныштандырып бағатынбыз. Күйеуі қайда жүргенін әйелім біле ме екен? Бәлкім, оны үйіне алып келуге көмектесерміз?
Әлбетте, оны іздеп табу қиындық келтірмейтін. Әйелінің айтуынша, соңғы кезде о л нашаны әрдайым бір притонға барып тартады екен. Бұл притон Ситиде, шығыс беттегі шалғай орамда орналасқан болатын. Күні кешеге дейін күйеуі күні бойы жынойнақ жасайтын да, кешкісін әбден қалжырап, сілікпесі шыққан халде үйіне оралатын. Ал бұл жолы екі тәулік бойы төбе көрсетпей отыр. Әрине, сол жерде, портты жағалаған жексұрындар арасында, улы түтінді жұтып немесе ес-түссіз ұйқыға батып жатқаны .анық. Оның Аппер-Суондам-лейндегі `Сом алтында` екеніне Кэт ешқандай күмән келтірмейді. Енді оған не істеу керек? Әрі жас, әрі ұялшақ, жуас келіншек ол жерге барып, күйеуін бұзақылар жайлаған қасқыр апаннан алып шыға ала ма? Істің жай-күйі осындай еді, оған тек мен ғана көмектесе алатынмын.
Бірге барудан бас тартуыма болатын ба еді? Айтқандайын, бұған онда барудың қажеті қанша? Мен Айза Уитниді емдеп жүргем, сондықтан дәрігер ретінде оған белгілі бір дәрежеде ықпал ете алатынмын. Оны жөнге салу үшін жалғыз барғаным жеңілге түсетіні анық еді, бұған сенімім кәміл болатын. Егер ол шынымен `Сом алтында` болса, онда күйеуіңді екі сағаттың ішінде күймеге кездегі көшелі азаматтың қаусап, қалжырап біткен қалдығы еді бүл.
Бір күні кешкісін, 1889 жылғы маусым айында, дәп сол қайта-қайта есінеп, сағатқа қарағыштай беретін шақта, біреу келіп пәтерімнің қоңырауын шылдыратты. Мен креслоға тіктеліп отырдым, ал тігіп жатқан нәрсесін тізесіне қоя салған әйелім жақтырмай қабағын шытты.
— Науқас қой! - деді ол. - Ауырып жатқан біреуге баруыңа тура келетін болды.
Мен күрсініп алдым, себебі күні бойы дамылсыз жұмыс істеп шаршап, әлгі әзірде ғана үйге оралғам.
Ашылып жатқан есіктің салдырын, асыға сөйлеген біреудің дабыр-дұбыр дауысын және дәлізбен жедел адымдап келе жатқан аяқ дыбысын естідік. Бөлменің есігі шалқасынан ашылып, ішке қоңырқай түсті киім киген, бетін қара шілтермен бүркеп алған бір келіншек кіріп келді.
— Беймезгіл уақытта мазалап тұрғанымды айыпқа бұйырмаңыз, - деп сөйлей бастаған ол кенет еркінен айрылып қалды да, тұра ұмтылып әйелімді құшақтай алған күйі еңіреп жіберді. - Ой, мен үлкен қасіретке тап болдым! Маған қол ұшын беретін кім бар екен! -деп дауыс салды ол
— Өй, бұл Кэт Уитни ғой, - деді әйелім оның шілтерін көтеріп. - Шошытып жібердің ғой, Кэт. Бұл сен екен деп ойласам неғылдейсің.
— Не істерімді білмей басым қатып кетті. Сосын саған баруды ұйғардым.
Бұл әдеттегі жағдай болатын Бәлеге басы іліккен жұрттың бәрі жарыққа үймелеген көбелектей әйеліме қарай ағылатын.
— Өте дұрыс жасағансың! Жақсылап жайғас мына жерге, су қосылған шарап іш, сосын не болғанын асықпай айтып бер. Бәлкім, Джонды жатын бөлмесіне жөнелткенімді қалайтын шығарсың?
Жо-жоқ! Дәрігердің де кеңесі мен көмегі керек. Әңгіме Айза жайында. Үйге келмегеніне, міне, екі күн болды. Бірдеңеге ұшырап қалды ма деп зәрем жоқ.
Сормаңдай күйеуі турасында ол бізбен алғаш рет әңгіме-дүкен құрып отырған жоқ-ты -менімен дәрігер ретінде, ал жұбайыммен мектепте бірге оқыған ежелгі құрбысы ретінде сөйлесіп жүретін. Оны қолымыздан келгенінше жұбатып, көңілін тыныштандырып бағатынбыз. Күйеуі қайда жүргенін әйелім біле ме екен? Бәлкім, оны үйіне алып келуге көмектесерміз?
Әлбетте, оны іздеп табу қиындық келтірмейтін. Әйелінің .айтуынша, соңғы кезде ол нашаны әрдайым бір притонға барып тартады екен. Бұл притон Ситиде, шығыс беттегі шалғай орамда орналасқан болатын. Күні кешеге дейін күйеуі күні бойы жынойнақ жасайтын да, кешкісін әбден қалжырап, сілікпесі шыққан халде үйіне оралатын. Ал бүл жолы екі тәулік бойы төбе көрсетпей отыр. Әрине, сол жерде, портты жағалаған жексұрындар арасында, улы түтінді жұтып немесе ес-түссіз ұйқыға батып жатқаны анық. Оның Аппер-Суондам-лейндегі `Сом алтында` екеніне Кэт ешқандай күмән келтірмейді. Енді оған не істеу керек? Әрі жас, әрі ұялшақ, жуас келіншек ол жерге барып, күйеуін бұзақылар жайлаған қасқыр апаннан алып шыға ала ма? Істің жай-күйі осындай еді, оған тек мен ғана көмектесе алатынмын.
Бірге барудан бас тартуыма болатын ба еді? Айтқандайын, бұған онда барудың қажеті қанша? Мен Айза Уитниді емдеп жүргем, сондықтан дәрігер ретінде оған белгілі бір дәрежеде ықпал ете алатынмын. Оны жөнге салу үшін жалғыз барғаным жеңілге түсетіні анық еді, бұған сенімім кәміл болатын. Егер ол шынымен `Сом алтында` болса, онда күйеуіңді екі сағаттың ішінде күймеге отырғызып үйіңе қайтарып жіберем деп, келіншекке уәде еттім.
Жанға жайлы қонақ бөлмедегі креслоны тастап, он минуттан соң экипажбен қаланың шығыс жақ бөлегіне қарай зымырап бара жаттым. Оғаштау іспен айналысқалы тұрғанымды білетінмін, алайда іс жүзінде бүл өзім күткендегіден де оғаш нәрсе боп шықты.
Әу баста бәрі ойдағыдай болды. Аппер-Суондам-лейн дегенің - өзеннің солтүстік жағалауын бойлап, Лондон көпірінен шығысқа қарата ұзын-шұбақ жалғасып жатқан кеме жасап, жөндейтін үлкен зауыттардың сыртындағы қоқысқа толы тұйық көше болатын. Өзім іздестіріп жүрген притон әлдебір жадау дүкенше мен ішімхана ортасындағы жертөледе орналасқан боп шықты; үңгірге ұқсас осынау қап-қара қуысқа тепкішегі тік баспалдақпен түсу керек екен. Тепкішектердің орта тұсы ойдым-ойдым - сансыз көп мас аяқтың төмен түсіп, жоғары шыққан тәлтірек қадамы қалдырған із болатын бұл Делбешіге күте тұруға әмір еттім де, төмен түстім. Есіктің жоғары жағына ілінген жермай шамның жыпылықтаған жарығын пайдаланып ысырманы тауып, қызыл-қоңыр түсті қою түтінге толы, төбесі аласа ұзын жайға келіп кірдім; эмигрант әкеле жатқан кеме палубасындағыдай, қабырғаларды бойлатып ағаш сәкі орнатылыпты.
Адамдардың не қилы сөлекет, ақылға сыйымсыз позада жатқан, - бірінің кеуде тұсы бір жағына бұратылып кетіпті, екіншісі тізесін көкірегіне қарай тартып алыпты, басын шалқайтып жіберген тағы біреуінің иегі жоғары шошайып қалыпты, - жансыз денелерін қараңғы қапастан зордың күшімен ажыраттым. Жанары өшіп, қара тұман торлаған көздердің маған әр жерден бір мөлие қарап қалғанын байқадым. Темір қорқор табақшаларындағы титімдей от ұшқыны қара түнек арасынан кейде өрши, кейде көмескілене жылтырайды. Көпшілігі үнсіз жатыр, кейбірі әлдене жайында міңгірлейді, өңгелері бір сарынды бәсең дауыспен біресе аузы-аузына жұқпай асығып-аптығып, әсіресе табан асты тына қалып, бірдеңе айтып жатыр; .алайда, сөз тыңдап жатқан жан баласы жоқ-ты - әркім өз ойымен өзі әуре болатын. Төленің арғы шетінде қызыл мен жалын атқан шағын оттық түр, жанындағы үш аяқты орындықта ұзын бойлы, жұқалтаң қарт отыр; қолымен иегін таяп, шынтағын тізесіне тіреп алған күйі отқа қас қақпай қарап қалған.
Ішке кірген бойда жаныма қараторы өңді малай1 жүгіріп келді, маған қорқор мен бір сыбаға наша ұсынып, сәкідегі бос орынды көрсетті.
Рақмет, зауқым жоқ, - дедім мен. - Досым Айза Уитни осында болатын. Сонымен сөйлесуім керек еді.
Оң жағымнан әлдекім қозғалақтады, маңқ еткен дауысты құлағым шалды - қараңғылыққа үңіле қарап, өңі қуқыл тартқан, қабағы қатыңқы, шашы ұйпа-тұйпа Уитнидің өзіме бағжия көз тігіп отырғанын көрдім.
— Құдай-ау, бұл Ватсон ғой! - деді ол
Мастығынан енді ғана айыққан оның тұла бойын тұтас діріл билеп алған еді.
— Уақыт қанша қазір, Ватсон?
— Он бір боп қалды.
— Бүгін қай күн өзі?
— Жұма, он екінші маусым.
— Апырай-ә! Мен әлі сәрсенбі ғой десем. Жоға, бүгін сәрсенбі. Қалжыңдап тұрмын деңізші! Адамды тектен-тек қорқытып не көрінді сізге! – Ол алақанымен бетін басып, ыңырси бастады.
— Айтып тұрмын ғой, бүгін жұма деп. Екі күн болды, зайыбыңыздың күтіп отырғанына. Ұят емес пе?
— Ұят. Бірақ сіз бірдеңені шатастырып тұрсыз, Ватсон. Бүл жерде болғаныма бар-жоғы бірнеше сағат қана. Үш пе әлде төрт пе... ұмытып та қалдым, қорқор тарттым. Бірақ енді сізбен бірге үйге қайтам. Кэттің өзімді мынадай сықпытта көрмегені жөн... Бейшара Кэт -ай! Қолыңызды созыңызшы. Күймеңіз бар ма?
— Бар. Есік алдында тосып тұр.
— Ондай жағдайда тап қазір аттанамыз. Бірақ әуелі ақша төлеуім керек. Қанша қарыз екенімді сұрап біліңізші, Ватсон. Сілем құрып отыр. Саусақ қимылдатар шамам жоқ.
Апиынның бас айналдырар улы түтініне мелдектеп қалмау үшін тынысымды барынша тежеп, қос қатар боп жайғасып қорқор тартып жатқан бәңшілер арасындағы тар өткелекпен қожайынды іздеуге кеттім. Оттық жанында отырған ұзын тұра қартпен қатарласқан кезімде әлдекім бешпетімнің етегінен тартып қалғанын сездім. Артынша:
— Әрменірек өтіп кетіңіз де, кері бұрылып қараңыз, - деген сыбырды құлағым шалды.
Бұл сөзді ап-анық естідім. Оны тек осы отырған қарттың ғана айтуы мүмкін еді. Алайда ілмиген арық, жасы ұлғайғандықтан бүкшиіп, бүктетіліп кеткен бұл қарт сол бұрынғысынша бей-жай қалыпта, өзімен-өзі боп отыр еді; наша салынған қорқоры әл-дәрменнен айрылған саусақтарынан сусып екі тізесінің арасында салбырап қалыпты. Бір-екі адым ілгері озып, арт жағыма көз жібердім. Таңғалғаннан талып түсе жаздадым. Қария менен басқа жан баласы көре алмайтындай ыңғай тауып, әлпетін маған қарата бұрды. Сол сәт бүкшиген денесі тұтқиылдан тіктеліп, әжімі жазылып сала берді де, буалдыр жанары әдеттегідей жайнап шыға келді - дал болған түріме мысқылдай езу тартып от басында Шерлок Холмстың өзі отыр еді. Білдіртпей белгі кіріп қасына жақындауымды сұрады да, қайтадан ерні салбыраған, тұла бойы қалтыраған қарияға айнала қойды.
Холмс! Бұл жерде, мына притонда не істеп жүрсіз? - деп сыбырладым.
Барынша жаймен сөйлеңіз, - деді ол да сыбырлап, - саңырау емеспін, естіп тұрмын. Делқұлы досыңызбен қош айтыссаңыз, сізбен әңгіме-дүкен құру бақытына ие болар ем.
— Мені күйме күтіп тұр.
— Ендеше досыңызды үйіне аттандырып салыңыз. Оған қам жемеуіңізге болады: әлденендей бір бәлеге ұшырап қалардай қарекет жасар қауқары жоқ. Сосын мені жолықтырғаныңызды, қасымда қалатыныңызды айтып әйеліңізге атшыдан қағаз жазып жіберіңіз. Мені көшеден күтіңіз, бес минуттан кейін шығам.
Шерлок Холмстың қолқасынан бас тарту қиын: оның өтініші қашан да нақтылы және әрдайым сабырлы да өмірлі үнмен айтылады. Оған қоса, Уитниді күймеге жайғастырған сәтте-ақ оның алдындағы борышым өтелген боп саналатынын, сөйтіп даңқты досымның күнделікті іс тәжірибесін құрайтын адам айтса нанғысыз шытырман оқиғалардың біріне араласуға өзіме еш нәрсе бөгеуіл бола алмайтынын іштей жақсы сезіп тұрғам. Сондықтан дереу жұбайыма қағаз жаздым, Уитнидің ақшасын төлеп, оны күймеге отырғыздым да, үйдің жанында тұрып досымды күте бастадым. Күйме бірден қараңғылық құшағына еніп ғайып болды. Бірнеше минуттан кейін бәңханадан қария сыртқа шықты, біз көше бойлап жүріп кеттік. Екі орам бойына ол бүкшиген қалпынан танбай, қарт адамша аяғын қалтырақтай басумен болды. Сосын арт жағына асығыс көз жүгіртіп өтті де, бойын тіктеп, бар дауысымен қарқылдап күліп жіберді.
— Шамасы, кокаин уколын алғанымен қоймай, енді наша шегуге кіріскен екен, жалпы алғанда, мені жаман әдеттерге белшесінен батқан екен деп ойлап қалдыңыз-ау, Ватсон, -деді Холмс. - Бұл турасында өзіңіз жанашырлық білдіріп, медициналық ой-пікіріңізді айтқан да болатынсыз.
— Сізді ана жерден жолықтырғанда шынымен таңырқап қалдым.
— Өзіңізді көргенде мен сізден де гөрі қаттырақ таңырқадым.
— Ол жерге досымды іздеп барғам.
— Ал мен - жауымды.
— Жауымды дейсіз бе?
— Иә, жауымды. Дәлірек айтқанда, із кесіп жүрмін... Тоқ етері, Ватсон, қазір мен айрықша қызықты бір іспен шұғылдана бастадым, осыған орай бәңшілердің пәтуасыз мылжыңынан бірдеңе біліп алуға болар деп үміттенгем. Бұрын кей-кейде маған мұның сәті де түсетін. Егер әлгі жан түршігерлік қуыста біреу-міреу мені танып қалар болса, өмірімді соқыр тиынға баламас еді: өйткені өз шаруаларыммен онда бұрын да болдым ғой, соны білген притонның қожайыны, жексұрын ласкарь, сазайын тарттырам деп ант-су ішіпті. Әлгі үйдің артында, Әулие Павел верфіне таяу маңда, құпия есік бар, егер оған тіл бітсе тас қараңғы түнде бүл есіктен нені алып шығатындары жайында не қилы шерлі хикаяны жыр ғып берер еді.
— Мәйіттер-ау алып шығатындары?
— Иә, Ватсон, мәйіттер. Притонда ана дүниеге аттандырылған әрбір бейшара үшін мың фунт стерлингтен алып тұрса ә дегенде-ақ миллионер боп шыға келмей ме. Бұл -жағалаудағы ең қатерлі орын. Невилл Сент-Клерді і он жерге алдап-сулап алып барыпты, ол байғұс енді үйіне қайтып оралмайтын шығар деген қаупім бар. Бірақ біз де қақпан құрып қоямыз.
Шерлок Холмс аузына екі саусағын сұғып жіберді де, ысқырып қалды. Жауап ретінде жырақтан тап осындай ысқырып жетті, сосын біз арба доңғалақтарының салдыр - гүлдірі мен ат тұяқтарының дыбысын естідік.
— Қалай, Ватсон, менімен бірге барасыз ба? - деді Холмс, көшенің тас төсеміне жарық шашқан қос фонары бар екі аяқты арба қараңғылық қойнауынан сумаң етіп шыға келген кезде.
— Егер сізге пайдам тиер болса...
— Адал жолдас қай кезде де пайдалы, оның үстіне, ол бастан кешкендерімізді хатқа түсіріп жүрген адам болса. `Самырсындағы` бөлмемде екі кереует тұр.
— - `Самырсындағы` дейсіз бе?
— Иә. Мистер Сент-Клердің үйі солай аталады. Бұл істі аяқтап шыққанша сонда тұрмақпын.
— Ол қай жерде?
— Кентте, Лиден онша қашық емес. Жеті мильдей ғана жүру керек.
— Түк түсінсем бұйырмасын.
— Таңырқайтын ештеңе жоқ. Қазір сізге бәрін түсіндірем. Отырыңыз... Джон, енді бізге қажет бола қоймайсыз. Міне сізге жарты крон, мені ертең сағат он бірде күтіңіз. Делбені маған беріңіз. Қош болыңыз!
Ол атты қамшымен осып жіберді де, біз шетсіз де шексіз, қаңыраған қараңғы көшелермен жөңкілте жөнелдік. Көшелер бірте-бірте кеңейе түсті, сөйтіп ақыры кенересі бар әлдебір көпірге тап болдық; төменде өзеннің лай суы жаймен жылжып ағып жатты. Көпірдің арғы бетінен кірпіш үйлер орын теуіпті, бір-бірінен аумайтын бұйығы көшелер қайтадан көрініс берді, бұлардың тыныштығын тек полицейлердің асықпай адымдаған аяқ дыбысы мен кештетіп қайтып келе жатқан сауыққойлардың әндері мен айқай-ұйқайы ғана бұзып түр еді. Аспанда қара бұлттар ақырын қозғалып барады, олардың ара-арасындағы саңылаудан жұлдыз жылтырайды. Басын темен салып, терең ойға шомған Холмс атты үн-түнсіз айдап келе жатты, ал мен оның не жайында ой кешіп кеткеніне өзімше долбар жасап, әрі ойын бөлуге батылым жетпей, жанында отырдым. Бірнеше мильді артқа тастап, қала іргесіндегі саяжайлар белдеуін кесіп өткен кезімізде ол ақыры өзіне-өзі келіп, иығын қиқалақтатып сілкініп алды да, өз ісіне өзі көңілі толған адамның кейпінде қорқор тартуға кірісті.
— Сізде керемет үлкен талант бар, Ватсон, - деді ол - Әр нәрсені айтып бас қатырмайсыз. Осы қабілетіңіздің арқасында баға жетпес жақсы жолдасқа айналдыңыз. Алайда жағымсыз ойлардан арылу үшін қазір маған біреумен мылжыңдасу қажет боп түр. Осынау сүйкімді әйел өзімді есіктен қарсы алған кезде оған не айтуым керегін білмей діңкем құрып отыр.
— Менің дәнеңеден хабарым жоқтығын ұмытып кеттіңіз білем.
— Лиге барғанымызша істің мән-жайын баяндап беруге уақытым толық жетеді. Бұл өзі адамның күлкісі келетіндей қарадүрсін іс, әйтсе де шешімін қалай табуға болатынына басым жетпей түр. Сізге бәрін толық айтып берейін,
Ватсон. Бәлкім, әлденендей тәуір ойға тап келерсіз. Өзім қараңғыда әрнені бір қарманып жүрмін.
— Құлағым сізде.
— Бұдан бірнеше жыл бұрын, дәлірек айтқанда, мың сегіз жүз сексен төртінші жылдың мамыр айында, Лиде Невилл-сент-Клер есімді джентльмен пайда болды. Ақшаға мұқтаж еместігі бірден байқалды. Бір үлкен вилланы жалға алып, айналасына әдемі бақ орнатып, ас та ток тірлік кеше бастады. Біртін-біртін көршілерімен де достасып алған ол мың сегіз жүз сексен жетінші жылы жергілікті сыра қайнатушының қызына үйленді, қазір одан екі баласы бар. Тұрақты шұғылданатын белгілі бір кәсібі жоқ, бірақ әртүрлі коммерциялық шараларға атсалысады, әдетте күн сайын таңертең қалаға кетеді де, одан пойызға отырып сағат бестен он торт кеткенде қайтып оралады. Мистер Сент-Клер отыз жеті жаста, тыныш қана тұрмыс кешеді, қайырымды күйеу, қамқор әке, жұрт оның мақтауын жеткізе алмайды. Бұған тағы мынадай деректі қосуыма болады: оның қарызы, анықтап білгенімдей, бар-жоғы сексен сегіз фунт он шиллинг екен, ал банкідегі ағымдық есеп-шотында екі жүз жиырма фунт стерлинг бар боп шықты. Демек, ақша жағынан қиындыққа жолықты дейтіндей негіз жоқ.
Өткен дүйсенбіде мистер Невилл Сент-Клер қалаға әдеттегісінен ертелеу кетеді, кетерінде бірер маңызды шаруасы барын, кішкентай ұлына бір қорап құрама текше әкелетінін айтады. Кездейсоқ түрде тап сол дүйсенбі күні, анау кеткеннен кейін, оның әйелі Абердин пароход қоғамына көптен күтіп жүрген шағын көлемдегі бағалы сәлемдемесінің келгені туралы жеделхат алады. Лондонды жақсы білетін болсаңыз, бүл пароход қоғамының кеңсесі бүгін кеште өзіңіз мені тауып алған Аппер-Суондам-лейнге барып тірелетін Фресно-стритте орналасатыны есіңізде шығар. Миссис Сент-Клер таңғы асын ішкен соң қалаға барады, ұсақ-түйек бірдеңе сатып алады, сосын қоғамның кеңсесінен сәлемдемесін алып, сағат төрттен отыз бес минут кеткенде Суондам-лейн бойымен вокзалға қарай келе жатады. Осы араға дейінгінің бәрі сізге түсінікті ғой, солай ма?
— Әрине, мұнда түсінбейтін дәнеңе жоқ.
— Ұмытпасаңыз, дүйсенбіде күн керемет ыстық болғанды, сондықтан миссис Сент-Клер адымын жаймен алып, жақын маңайдан кэб көрінбес пе екен деп жан-жағына қарағыштап келе жатады; оның үстіне қаланың бүл ауданы оған мейлінше сүйкімсіз көрінген болатын. Сөйтіп, Суондам-лейн бойымен келе жатқан ол ойламаған жерден айқайлаған дауысты естіп, әлдебір үйдің екінші қабатының терезесінен өз күйеуін көріп тұла бойы қалтырап кетеді. Оған тіпті күйеуі оны ымдап өзіне шақырып тұрғандай көрінеді. Терезе ашық тұрған еді, күйеуінің айтуынша, шамадан тыс абыржып кеткен әлпетін анық ажыратады. Күйеуі ес-түс жоқ қол бұлғап тұрады да, құдды біреу терезеден күшпен сүйреп әкеткендей, табан асты ғайып болады. Алайда әйел баласына тән қырағы жанары оның жағалығы да, галстугі де жоқ екенін, бірақ үстіндегісі үйден киіп кеткен қара бешпет екенін байқап үлгереді.
Күйеуінің бір бәлеге тап болғанына көзі жеткен ол тепкішектермен жүгіріп төмен түседі, -бұның тап сол притон орналасқан, бүгін кеште мені өзіңіз іздеп тапқан үй екенін сіз, әрине, аңғарып та қойған шығарсыз, - сосын алдыңғы бөлмеден жүгіріп өтіп, үстіңгі қабаттарға бастайтын баспалдақпен жоғары көтерілмек болады. Бірақ баспалдақ жанында әлгінде ғана өзіңізге баяндап берген жексұрын ласкарға ұшырасып қалып, анау оны дат малайының көмегімен итермелеп сыртқа шығарып жібереді. Мына сұмдықтан есі қалмаған әйел көше бойлап жүгіре жөнеледі де, бақытына қарай, Фресно-стриттен инспектордың басқаруымен тәртіп қадағалап жүрген полицейлерді жолықтырып қалады.
Жанында екі констеблі бар инспектор миссис Сент-Клердің соңынан ереді, сөйтіп қожайынның өршелене қарсылық білдіргеніне қарамай, миссис әлгінде ғана терезесінен күйеуін көріп қалған бөлмеге барып кіреді. Бірақ бүл жерде ол жоқ боп шығады. Жалпы, бүл қабаттан осы бөлмені жалдап тұрып жатқан, кеспірінен жүрек айнитын әлдебір кемтардан басқа ешкім кезікпейді. Ол да, ласкар да мұнда басқа ешкім жоқ деп қарғанып-сіленеді. Олардың ақырғы сөзін айтып ант-су ішкені соншалық, инспектор миссис Сент-Клер қателескен жоқ па екен деп ойлай бастайды, бірақ сол арада миссис шыңғырып қалып үстел үстінде тұрған кішкене ағаш жәшікке қарай тұра ұмтылады да, қақпағын жұлып алады. Қорапшадан балалардың текшесі сау етіп төгіледі. Бүл күйеуі кішкентай ұлына қаладан әкеп беруге уәде еткен ойыншық болатын. Осы табылған зат және кемтардың абыржып кеткен түр-сықпыты мұның бәрі әншейін нәрсе еместігіне инспектордың көзін әбден жеткізеді. Бөлмелерге мұқият түрде тінту жүргізіледі, сөйтіп тінтудің нәтижесі жан түршігерлік қылмыс жасалғанын көрсетіп береді.
Жоқ-жұқана жиһаз қойылған алдыңғы бөлмені қонақ бөлме деуге келетін, оның жанында терезесі верфьтің ауласына қарайтын шағын жатын бөлме бар еді. Верфь пен үйдің арасында енсіздеу канал жатқан: теңіз шегінгенде құрғап қалатын, шалқығанда төрт жарым футқа дейін суға толатын. Жатын бөлменің терезесі жалпақ еді және астыңғы жағынан ашылатын. Тексерген кезде жақтау етегіндегі тақтайдан қанның ізі көрінеді; қанның бірнеше тамшысы, сондай-ақ ағаш еденнен де табылады. Алдыңғы бөлмедегі терезе пердесі тасасында мистер Невилл Сент-Клердің киімдері жатыр екен: бәтеңкесі, ұйығы, қалпағы, тіпті сағаты да - бәрі осы арада боп шығады. Бешпеті ғана жоқ еді. Киімдерден күш қолданудың қандай да бір ізі табылмапты, сол сияқты мистер Невилл Сент-Клердің өзінің де қайда екенін білдіретін ешқандай із қалмапты. Оның терезе арқылы ғана ғайып болуы мүмкін еді, басқа жол жоқ-ты, бірақ жақтау тақтайындағы жан шошитын қан дақтары оның жүзіп құтылғандығына күмән келтіретін, оған қоса қылмыс жасалған тұста теңіздің шалқуы ең жоғары деңгейіне жеткен.
Енді күдік тудырып отырған жексұрындар жайын баяндайын. Ласкар - нағыздың өзі екені бұрыннан мәлім адам, бірақ миссис Сент-Клердің айтуына қарағанда, бүл күйеуін терезеден көргеннен кейін көзді ашып-жұмғанша болмай анау төменнен кездескен, демек, ол қылмысқа қатысы бар сыбайлас қана болуы мүмкін. Оның өзі, әрине, бүл іске араласы барын үзілді-кесілді түрде мойындамайды. Айтуынша, бөлмесін жалға алған Хью Бунның немен айналысатындығынан түк ешқандай хабары жоқ көрінеді. Жоғалып кеткен джентльмен киімінің бөлмеден қалай табылғаны ол үшін мейлінше жұмбақ нәрсе.
Міне, қожайын жайында білетініміз осындай. Невилл Сент-Клерді соңғы рет көрген адамның притон үстіндегі екінші қабатта тұрып жатқан әне бір қабағы ашылмайтын кемтар екендігінде еш күмән жоқ. Оның есімі Хью Бун, ұсқынсыз кеспірі Ситиде болып тұратындардың бәріне мәлім. Ол кәсіби қайыршы; ал полициялық ереже - тәртіптен бас сауғалау үшін сіріңке сатып отырған болады. Треднидл-стриттің сол жағындағы қабырғада қуыс бары есіңізде шығар. Әлгі кемтардың қашан да, міне, тап осы қуыста шарт жүгініп, алдына бірнеше сіріңке қорабын жайып сап отырғаны. Түр-сықпытының өзі-ақ аяныш тудырады, сол себепті қарсы алдында, көшенің төсемінде жатқан теріден тігілген лас кепкіге қайыр-садақа жаңбыр боп құйылады. Оны талай мәрте сырттай бақылағам және аз ғана уақыттың ішінде қаншалықты мол өнім жинап алатынына әрдайым қайран қалатынмын - әрине, күндердің күнінде онымен кылмыскер ретінде танысуыма тура келетіні ол кезде канеріме кірмеген-ді. Түр-сықпытының ерекшелігі соншалықты, жанынан өткендердің қай-қайсысы да оған көңіл аудармай қоймайтын. Жайнаған жирен шаш, үстіңгі ернін қақ бөлген жан шошырлық жырығы бар қуқылтым бет, бульдог тұқымдас итті еске салатын иек және шашының үстіне мүлдем кереғар боп табылатын зерек қоңырқай көз осының бәрі оны қайыр-садақа сұраушылар тобырынан бөлектеп тұратын. Қасынан өтіп бара жатып өзін аяқ асты мысқылдап кеткісі келген біреу-міреулерге де шымшымасы әрдайым әзір болатын. Әлгі бәңхананың жоғарғы қабатын мекендейтін тұрғын, міне, осындай еді. Өзіміз іздестіріп жүрген джентльменді соңғы рет көрген сол болатын.
— Алайда ол кемтар ғой! Күш-қуаты мол жас адамға күші қалай жетеді? - дедім мен.
— Иә, жүргенде ол аяғын ақсаңдай басады, ал жалпы алғанда, дені сау, қайратты. Сіз медиксіз, Ватсон, сондықтан, әрине, аяқ-қолдың бірінің әлсіздігі көп ретте екіншісінің айрықша қуаттылығымен өтеліп тұратынын жақсы білуге тиіссіз.
— Құдай ақы, айта беріңіз әрмен қарай.
— Жақтау етегіндегі тақтайдан қанды көрген миссис Сент-Клер есеңгіреп қалады, сондықтан оны қасына бір полицейді қосып беріп үйіне аттандырады, себебі одан арғы тергеу жұмыстарына оның қатысып тұруының қажеті жоқ-ты. Істі жүргізуді өз міндетіне алған инспектор Бартон притонды аса мұқият түрде тінтіп шығады, бірақ түк ештеңе таба алмайды. Басында олар қателік жібереді: Бунды бірден тұтқынға алмайды, осының салдарынан ол ласкар досымен бір-екі ауыз сөзбен тіл қатысып үлгереді. Алайда қателік қолма-қол жөнделіп, Бун тұтқынға алынып, оған тінту жүргізіледі, бірақ ештеңе табылмайды. Рас, көйлегінің оң жақ жеңінде қан дақтары бар екені байқалады, бірақ анау полицейлерге өзінің тырнақ түбінде жаңада болған тілігі бар шынашағын көрсетіп, `қан жақтау етегіндегі тақтайға да тамған шығар, себебі әлгі әзірде терезе алдына барған едім`, дейді. Ол мистер Сент-Клерді ешқашан көрмегенін айтып тұрып алады, ал аталмыш джентльменнің киімі өз бөлмесіне қайдан тап болды - бүл полицияға қандай жұмбақ болса, өзіне де сондай жұмбақ жағдай. Оған миссис Сент-Клердің өз күйеуін бұның терезесінен көргені хабар етілген кезде, `көзіне солай елестеген шығар, жә ол әйелдің ақыл-есі дұрыс емес болар`, деп жауап қатады. Қарсыласқанына қарамастан полицейлер Бунды учаскеге алып кетеді. Каналдың түбінен әлденендей бір жаңа айғақтар табылып қалар деген үмітпен инспектор теңіздің шегінуін тосады. Айтса айтқандай-ақ, жабысқақ балшық арасынан жаңа айғақ та табылады, бірақ бүл өздері соншалықты үреймен күткен нәрсе емес еді. Су лықсып сарқылған кезде каналда жатқан Невилл Сент-Клердің өзі емес, Невилл Сент-Клердің бешпеті боп шығады. Ал оның қалталарынан не табылғанын білесіз бе?
— Хабарым жоқ.
— Ешқашан ойлап таба алмайсыз! Барлық қалтасы түгел тиынға толы екені анықталады -торт жүз жиырма бір пенни және екі жүз жетпіс жарты пенни бар екен. Шегінген теңіздің бешпетті ала кетпегенінің сыры осында жатыр.
Ал мәйіттің жөні басқа. Әлгі үй мен верфьтің арасында өте күшті ағын бар. Мәйітті өзенге алып кетуі әбден мүмкін, ал салмағы ауыр бешпет канал табанына шөккен.
Әлгінде басқа киімдерінің бәрі бөлмеден табылғанын айтпап па едіңіз? Сонда мәйітте жалғыз бешпет қана болғаны ма?
Олай емес, сэр, бірақ мұның мәнісін түсіндіріп беруге болады. Айталық, Бун Невилл Сент-Клерді терезеден лақтырып жіберді және мұны ешкім көрген жоқ делік. Одан әрі оған не істемек керек? Әлбетте, ол ең алдымен киімдерден құтылуға асығады, себебі бұлар өзін ұстап беруі мүмкін. Бешпетті алып терезеден лақтырып жіберуге оқталады, бірақ сол арада бешпеттің суға батпайтыны, қалқып жүретіні ойынша оралады. Жаны көзіне көрінген ол бәрін асығыс-үсігіс істейді, себебі баспалдақтағы абыр-дабырды құлағы шалады, Сент-Клердің зайыбы өзін күйеуіне жіберуді талап етіп жатқанын естиді, оған қоса, бәлкім, сыбайлас-ласкар полицияның келе жатқаны жайында оған ескертіп те үлгерген шығар. Бір минутты босқа жібермеу керек. Ол қайыршылық тірліктің табысы жасырылған құпия орынға қарай ұмтылады, сөйтіп бешпеттің қалталарын қолына түскен теңгелермен толтыра бастайды. Одан соң бешпетті лақтырып жібереді, қалған заттарды да лақтырмақ болады, бірақ баспалдақтан аяқ дыбыстарын естиді де, полиция төбе көрсетер алдында терезені әрең жауып үлгереді.
— Нанымды-ақ...
— Ендеше, басқа тәуір біреуі табылмауы себепті осы жорамалға арқа сүйеп әрекет ететін боламыз... Бун, бұрын өзіне айып тағуға болатындай ешқандай іске араласпаса да, алдында айтқанымдай, тұтқынға алынып, учаскеге аттандырып жіберілген еді. Ұзақ жылдар бойы ол кәсіби қайыршы ретінде мәлім-тұғын, бірақ тыныш тірлік кешетін, қандай да болсын қиямпұрыстығы байқалмаған. Міне, істің қазіргі кездегі мән-жайы осындай. Невилл Сент-Клер бұл бәңханадан не іздеп жүр, онда қандай кепке душар болды? Қазір қайда және із-түзсіз жоғалып кетуіне Хью Бунпын қаншалықты қатысы бар? Бәрі сол бұрынғыша беймәлім күйде. Әділін айтуым керек, мұндай жағдай менің тәжірибемде бұрын болған емес: бір қарағанда, қарапайым-ақ нәрсе секілді, ал шын мәнінде тап басып ұстай алатындай ештеңе жоқ.
Шерлок Холмс маған осынау таңғаларлық оқиғалардың егжей-тегжейін баян етіп жатқан кезде біз алапат ауқымды қаланың айналасындағы елді мекендерді кесіп өтіп, соңғы үйлерін артта қалдырдық, сөйтіп қос қапталынан деревнялық шарбақтар ұзын-шұбақ созылған жол бойымен зырғытып келе жаттық. Дәп сол Холмс әңгімесін аяқтаған тұста біз де әлденендей бір деревняға келіп кірдік. Кей терезеден сығырайған жарық көрінеді.
— Лиге кіріп келе жатырмыз, - деді серігім. - Айта кеткен артық етпес, қысқа ғана осы сапарымызда Англияның үш графтығында болып үлгердік: Миддл-секстен шығып, Суррейдің бір бөлігін кесіп өтіп, Кентке келіп жеттік. Ағаш арасындағы әне бір жылтыраған отты көріп отырсыз ба? `Самырсын` дегеніміз сол Онда шам жанында әйел отырады, оның сақ құлағы атымыздың тұяқ дүрсілін естіп те қойғаны кәміл
— Бұл іспен Бейкер-стритте емес, осы жерде айналысуыңыздың себебі не? - деп сұрадым мен.
— Бұл арада көп нәрсені зерттеуге тура келеді... Миссис Сент-Клер мейірбандық танытып қарамағыма екі бөлмесін берді, досыма да қуана-қуана қонақжайлық көрсетеріне еш күмән жоқ. Онымен кездесу қаншалықты ауыр екенін білсеңіз, Ватсон! Өйткені, күйеуі жайында еш жаңалық айта алмайын деп тұрмын ғой! Тыр-р!..
Біз бақ ортасындағы үлкен вилланың алдына кеп ақтадық. Алдымыздан жүгіре шыққан атшыға атымызды тапсырған соң Холмс екеуіміз қиыршық тас себілген енсіздеу аяқ жолмен үйге қарай бет алдық. Жақындай бергенімізде есік айқара ашылды да, босағадан үстіне шоқтай қызыл шифонмен әдіптелген ақшылтым түсті жібек көйлек киген аласа бойлы, ақ-сары шашты әйел бой корсетті. Мүсін-сұлбасы шам жарығы тұсынан барынша айқын пішінделіп түр еді. Сәл-пәл алға еңкейіңкіреген ол бір қолымен есікті қармап, екінші қолын құдды бір қайырым етуді өтінгендей алға созған күйі бізге қадала қарап қалған-ды; оның осынау кескін-кейпі күйеуінің тағдыр-талайы жөнінде не білгенімізді сұрап тұрғандай болатын.
— Не болды сонымен? - деп сұрады ол қатты дауыстап.
Біздің екі адам боп келгенімізді көріп қуана айқайлап жіберген, бірақ жолдасым басын шайқап, иығын қиқаң еткізгеннен кейін айқайының арты ыңырсуға айналып кетті.
— Жақсы хабар әкелдіңіз бе?
— Жоқ.
— Әлде жаман хабар ма?
— Ондай да жоқ.
— Құдайға шүкір. Кірсеңізші ішке. Бүгінгі күн сізге өте бір ауыр күн болды ғой, шаршап-шалдыққан шығарсыз.
— Мына кісі менің досым, дәрігер Ватсон. Көптеген зерттеулеріме үлкен көмек көрсеткен адам. Қуанышыма қарай, оны кездейсоқ жолықтырып қалдым да, осында шақырдым, -оның бізге пайдасы тиері анық.
— Сізді көргеніме қуаныштымын, - деді әйел қолымды жылы шыраймен қысып тұрып. -Біздің үй сізге онша жайлы көрінбеуі мүмкін. Отбасымыз қандай бақытсыздыққа тап болғанын біліп тұрсыз ғой.
— Ханым, мен өзім жорық жағдайында ғұмыр кешуге дағдыланып алған байырғы солдатпын, тіпті солдат болмағанның өзінде де менен кешірім өтінудің не қажеті бар? -дедім мен. - Өзіңізге және досыма пайдам тиіп жатса менен бақытты адам жоқ.
— Мистер Шерлок Холмс, сұрақты төтесінен қоюға рұқсат етіңіз, - деді бізді суып қалған кешкі ас күтіп тұрған, айрықша жарық асханаға алып келген үй иесі әйел. - Жауабын да та