28 Қараша, Бейсенбі

Әдебиет

Абыл Тілеуұлы
Абыл Тілеуұлы (1777, Маңғыстау — 1864, Маңғыстау, Қаратөбе) —ақын.

Баймағамбетке айтқаны




Бірде Баймағамбет сұлтан ауырып жатып Абылды алдырады.

- Сен хан, сұлтанды қаралап өлең шығарады дейді. Мықты болсаң, бұлтармай, маған өлең шығаршы, жақсыласаң – жарылқаймын, өле кетсем – өшпес сөз болсын, - дейді. Сонда Абыл былай депті:

Бопайдан туған әкең Айшуақ хан,

Табаның таймай тұр-ау мінген тақтан.

Дәлірген дажал сынды дәрежеңді

Деп жүрсің Құдай қорып, Қыдыр баққан.

Толы ел – толықсыған көлін тастап,

Қаңғырған Қайыпалды Тәңір қаққан.

Ер өлді деп етек бұлап жылайтұғын,

Байеке-ау, қай ісің бар елге жаққан?!



Бұдан кейін Баймағамбет және басқа ел әкімдері Абылды ханға халықты қарсы қоюшы деп біраз қуғындапты.