25 Желтоқсан, Сәрсенбі

Әдебиет

Шерхан Мұртаза

Шерхан Мұртазаұлы Мұртаза (1932 жылы туған) — жазушы, қоғам қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1984)

Қайсар Ғафу






Ғафудың ақындығын айтып ділмарсудың керегі жоқ. Ғафудың ақпа-төкпе асыл өлең-жырларын қайта-қайта оқу керек, зерделеу керек.

Прозасы, көсемсөз-публицистикасы өз алдына. Аудармашылығы не? Байрон, Пушкин, Лермонтов... Қайсыбірін айтарсы: Расул Ғамзатовтың «Менің Дағыстаным» атты атақты туындысын — баспа тапсырысы бойынша бір аптаның ішінде қазақи мөлдіретіп сайратқанда әдебиет әлемінде таңғалмаған адам қаған жоқ.

Ал менің айтпағым басқа. Ғафудың отан сүйерлігі. Қазақстанда Ғафу бармаған жер, баспаған тау жоқ. Шығармаларың соның бәрінің ізі сайрап жатыр. Әсіресе жанындай жақсы көрет .ағасы Ғабит Мүсіреповпен сапарлас болған айлары мен жылдары «Елтінжал». Міне, бұл нағыз көркемсөз қазынасы. Екі жасы достығынан дария шалқығандай.

Қазақстан — ұлы Отаны болғанда, Торғай, есіл Торғай Ғафудың алтын бесігі еді ғой. Ғафудың поэзиядағы Торғайын есі бадың бөрі біледі.

Ал енді Торғайдың жоғын жоқтауға келгенде Ғафудай пәруна ер болды ма екен. «Егемен Қазақстан» газетінде Торғай обл; болсын, Торғай тақымыңа толмай ма?! — деп арыстандай атқыған осы Ғафу. Әдетте мұндайға керенау Үкімет Ғафу айқайың соң Торғай облысын кайта құрғаны белгілі. Бұл 1990 жыл еді.

Ақындар әулеті де әрқилы. Біреулер кеудеде бұлқынған жылы қағаз бетіне төгіп жазады. Біреулер қаламын тістелеп, саусақтарын сорып жазады.

Ал Ғафу өлеңдерді жанартау атқылағандай, жазып үлгі алмай жататын. Ойланып, күшенбейді. Жүрегінде бір перің күні бұрын «осыны айт» деп даярлап қойғандай. Жалма-жан, қолма-қол суырып салмаға шебер еді.

Бір жолы Жазушылар одағының секретариаты «Қазақ . әдебиеті» газетінің бас редакторын орнынан алмақшы болып жатты. Ал Ғафу сол бас редактордың орынбасары еді. Бір белге тұрып:

Онда орынбасары да орнынан алынсын, — деп қойып қалды.

Сонда Ғафу атып тұрып:

Орынбасар болу деген ойын ба екен, Бас кетсе бірге мойын ба екен?! — дегені ғой. Көшеде Ғафуға Шота Уәли: кездесіп қалады.

Аға, мен алпысқа толдым, — дейді Шота. Сонда Ғафуланбастан:

Жап-жас болған жігіттік келбетіңмен,

Алпысқа толдым дейсің не бетіңмен?! —

дегенде, Шота шөже тістерін көрсетіп күлгеннен басқа ештеңе дей алмай қалады.

Ғафекемнің осындай - осындай төкпе - тапқыр бір қақпайлары көп-ақ. Шіркін, бәрін жинап, жеке жинақ шығарса жарасар еді. Бұл оқумен - тоқумен келген ақындық емес. Ежелгі қанда бар, тұп - тұқиянда, қазақта бар қасқа - даңғыл ақындық дәстүр еді ғой.

1955 жылы мен оқу бітіріп, Қазақтың көркем әдебиет баспасына қызметке келдім. Шет жерде оқығаннан соң, мұндағы әдебиет дүниесінен алыстап қалған адаммын. Әрі десе жазушы да емеспін.

Бірақ редактормын. Дипломда солай жазылған. Мамандығы: «Саяси және көркем әдебиет редакторы» делінген. Қиын соқты. Бағыма қарай, неше бір жайсаң жандар бар екен баспада. Қарағанды - Жезқазғаннан — Сейфолла Оспанов, Торғайдан — Ғафу Қайырбеков, Алматыдан — Қасым Қайсенов, Оралдан — Берқайыр Аманшин, Қызылордадан — Әбдікәрім Ахметов, Оңтүстіктен — Сәуірбек Бақбергенов, Амантай Байтанаев... Кілең сайдың тасындай тарландар.

Мені жатсынбады, жандарына алды. Үйі жоқ, күйі жоқ жас қызметкермін. Сонда көбінесе дастарқанға, шайға шақырып, үйіне ілестіріп апаратындар осы Сейфолла мен Ғафу еді.

Ғафу Тастақтан үй тұрғызып жатыр екен. Асарына қатыстым ғой деймін. Асылы азаматтың жары жақсы болмаса, жора - жолдас үйіңе үйір бола ма. Сейфолланың жұбайы Майра, Ғафудың келіншегі Бәдеш мені туған қайындарындай көріп кетті.

Ал Ғафу мен Сейфолла мені бауыр тартты. Соның куәсіндей етіп Ғафекем маған «Елтінжал» атты көркем кітабын сыйлады. Басқа талай-талай кітаптарын берді ғой. Бірақ мынадағы арнау сөз ардақты:

Қадірлі Шерхан! Сүйікті Мәрияш!
Сендерді жақсы көрем, — деп,
Айтудың өзі аз маған.
Біз бауырмыз ешқашан
Жұбымызды жазбаған.
Жалынамын, о, тағдыр,
Осымызды көп көрме.
Не жетсін, шіркін, әсте бір
Ренжісе алмай өткенге.
Ал мынау Ғабең — нар Ғабең,
Пікірлес ағаң, жолдасың,
Сөзіңді сен де арнап ең,
Рухы соның қолдасын!

6.11.1991.

Бұл кітап нар Ғабең туралы, Ғабит Мүсірепов туралы күмбірлі күміс толғау. Ақын адам проза жазса, бәрібір поэзия есіліп тұрады.

Біз көбінесе нағыз жазушының кітаптарын оқимыз, таңырқаймыз.таңдай қағамыз, сүйсінеміз. Санамызға—сана, көзімізге — нұр, жүрегімізге жылу қосылады. Ондай олжаны жақсы кітаптан басқа саған ешкім де, ештеңе де бермейді. Шылқыған баймын деген адамның өзі ондай сезімге бөлене алмайды. Алтынға шомылсаңда таба алмайсың.

Ал мыңдарға, миллиондарға сондай асыл сезім сыйлаған жазушы туралы кім не біледі? Көп болса, мектептегі оқулықтардан келте өмірбаянын біледі.

Жазушы да пенде. Оның да арайлы қуанышы,қат – қат қасірет, болады Мәуелі дарақтан адамдар жеміс жеп рахаттанады. Ал мәуеге қолы жетпегендер төменде тұрып таяқ лақтырады. Досы көп болады. Ол —қалың орман. Жауы да бар болады. Ол көбінесе жанында жүреді. Қызғаныш дейтін қызыл ит бар. Көбінесе үндемей қабады.

Ал Ғабит Мүсірепов өмірде қандай адам еді? Кім біледі Білетінідер аз, білмейтіндер көп.

Мінe, сол жұмбақтың шешуі — «Елтінжалда».

Ғафудың өз айтуынша, «Елтінжал» — Ғабит Мүсіреповтің екінші есімі. Жазушының туған жері. Мүмкін, ол «Алтын жал шығар. Елде жақсы есімді еркелетемін деп ептеп өзгертіп айтатыны болады.

Ғабит Мүсіреповтің бірләндай (бриллиант) әңгіме, новеллаларын; «Оянған өлке», «Ұлпан», «Жат қолында» сынды романдарын.театрдағы, кинодағы «Қыз Жібегін», т. б. туындыларын оқып көріп сүйсінген жұрт Ғафудың «Елтінжалынан» сол жәдігерлерді дүниеге әкелген авторды таниды.

Ғафудың бұл кітабындағы басты тұлға, әрине, Ғабит. Ал Ғабитты айту арқылы Ғафу талай-талай замандастардың бейнесін берген.

Мысалы, Абайдың 125 жылдығы. Сондағы ұлаңғайыр тойды ұйымдастырған, бышыратпай, берекесін алмай, тас-түйін етіп басқарған Екейбай Қашағанұлы. Семейдің облыстық атқару комитетінін төрағасы. Оны Ғафу былай баяндайды:

«Басында күн өтпеске киген киіз, жұқа, ақ кепкесі, астында су төгілмес күрең қасқа жорғасы бар той бастығы Екейбай Қашағановтың. дауысы саңқ-саңқ етіп, дамылсыз әмір, нұсқау беріп жарқылдап тұр. Мен оған қызыға қараймын. Шіркін, жігіттің шарықтап ұшар биігі осынау көптің. иығында ғой. Ал мынадай қисапсыз да қызу көпті, теңіз дауылындай аласұрған нөпірді жанарымен шырқ үйіріп, магниттей тартып алу үшін ол жігітте аруақ болуы керек. Екейбай сүйтеді екен. Мен соған ризамын».

Екейбай шын әдебиет, өнер адамдарын жанындай жақсы көрген, үлкен жанашыр еді. Сол себептен болар кейін Жазушылар одағының «Литфонд» деген тармағын басқарды. Бірақ кейбір қиянатшылдар оның қадірін білмей, езі ауру жүректі әлсіретті.

Бұл кітапта Ғабең маңайында алыс-жақын адамдардың көбі бар. Және жай тізім, жай атау емес, әрқайсысының бір-екі бояумен ғана берілген дәл суреттері бар. Айталық, Қалтай туралы, Қалтай Мұхамеджан.

«Қалтай қашанда жазушы қауымының бәріне ерке, құрдастай, өзіндей сөйлесетін туыс. Өйткені ол қалың жұртты тапқыр сөзімен риза ететін, күлкіге батыратын жігіт. Күлкі ортақ болған соң, оған жақын болмасқа не шара. Ғабеңе ол тіпті жақсы еркелейді, себебі оның айтқан сөзіне ол кісі түсіне, ықыластана күледі, әзілге езі де еріп жүре береді. Сөз ылғи сәтті бола бере ме, кейде бөстекі болып кететіні бар, ондайын алдымен өзі сезетін Қалтай:

— Ғабе, осы бір сөзді өшіріп тастаңызшы, ауызша айтқан соң, менің өшіріп тастау қолымнан келмейді, сізге оңайырақ қой, — деп қайта күлдіреді. Ғабең кешіреді».

Ғабит Мүсірепов жасы ұлғайса да, ел араламай, халықтың, алыс - жақын елдің арасында болмай тыныш отыра алмайды. Ол — Ақжайық,ол — Алтай. Ол — Қызылжар, Семей, Тарбағатай, Торғай, Қызылорда, Әулиеата, Жетісу...

Ал осының бәрінде Ғабеңнің жанынан Ғафу табылады. Жо - жоқ Ғабеңнің қоржынын көтерісетін адам толып жатыр. Сонда Ғафу не керек? Мүсіреповке жаны таза, жаны, сезімі бай адам `керек.Көп адамдай сөйлесе алатын айтары бар, ақындығы алапат, ойыңа - ой, қиялыңа - қиял қоса алатын, жанға жайлы адам керек. Көп адам жайшылықта жақсы, ал сапарға бірге шыққанда өйтіп,бүйтіп жасырып жүрген олпы - солпысының бәрі көрініп қалады. Ғабеңнің сол сынынан өткен Ғафу ғой бұл!

Жаңа жыл қарсаңында ылғи да Ғабеңнің өз үйіне арнайы шақыратын адамдары болады. Олар министрлер де емес, әкім,патшалар да емес, ен жақын тартатын рухани достары. Еркеғали өзінің Клара келіншегімен, Жұмағали келіншегімен, Сәбеңнің бәйбішесі Мәриям апай, Шернияздан — Жаңыл, Ғафу келіншегі Бәдеш екеуі, Базарбай Жұманиязов Банумен, мен және Мэрия...

Жаңа жыл құрметіне Ғабит Мүсірепов үйінде тай сойылады.Әрбір жаңа жыл — мені ең басты мерекем, — дер еді Ғабең. Жана жылға аман-есен жеткеніңе тәубегершілік керек. Бұл отырысымыз сол — Тәуба тойы. Әй, Ғазиза, домбыра қайда. Әкел, Ғафуға бер. Ән шырқалсын.

Ғафу ғаламат әнші еді. Радиодан күнде естіліп, мезі қылған әндер емес айтатыны. Торғайлық Нұрханның, Нұржанның әндері, қиссалары... Содан-содан... Қасым Аманжоловтың «Дариға қызы».

Дариғаны» айтқанда Ғафу аруақтанып кетеді. Көздері жасаурайды. Дариға есімді қызды көріп отырғандай, «қып-қызыл оттың ішінде» өзі келе жатқандай аңырайды. Соғыстың сұрапыл суреті, оқ тиген солдаттың өліп бара жатқаны, бірақ Дариғаны бір көрмек арманы арқылы кайта түрегелгені — бәрі-бәрі көз алдыңа келеді, жүрегіңе жетеді, жан дүниең күнделікті күйбің тіршіліктің шаң-тозаңынан тазарып, анадан жана туғандай ғажайып хал кешерсің.

Ғафуда «халық әртісінің» дауысы бола қоймаған шығар. Ал бұл әнді халық әртісінің айтуында да тыңдап көріп едім, бірақ ол мынадай тебіренткен жоқ. Асылы, дауысқа жүрегіңді, жаныңды жұптамасаң, күр дауыс алысқа бармас.

«Дариға қызды» әркім-ақ айтады. Сірә, нота бойынша. Ал Ғафу бұл әнді Қасым Аманжоловтың өз аузынан естіген. Естіп қана коймай, өрбір ырғағын, иірімін, дірілін, шырынын, шырылын үйренген. Әттең, біздің радио осы әнді Ғафудың жас дауысымен айтпайды, бәлкім, жазылмаған да шығар, өйткені радио мұндайға құнтсыз, керенау.

Содан сол дастарқан үстінде Мэриям апай Ғафу мен Бәдешке:

— Әй, екеуің қосылып, әлгі битетін әнді айтсаңдаршы, — деп, қос қолын құстың қанатындай қағады.

Әннің атын айтпаса да түсінікті. Күлеміз.

Ғафу мен Бәдеш. Әннің мазмұны: екеуіміз мәңгі-бақи ажырамаймыз, құстың қос қанатындаймыз. Тауларды бетке алып, асулардан асып, болашаққа бірге барамыз... Бірімізсіз біріміз өмір сүру өте қиын...

Екеуі де шабыттанып, шалқар айдында жүзіп бара жатқан аққулардай ажарланып кетеді.

— Ой, айналайын, ажырамай ұзақ жасаңдар, — деп риза болады Мариям апай. Кім біледі, о да өз Сәбитің сағынып отырған шығар. Сол Сейфолланың, жігіттің султаны болған Сейфолла Оспановтың жесір зайыбы Майраның туған күніне осы көктемде туысқандар Алматыдан, Қарағандыдан, Семейден, Алтайдан көп жиналды. Қызық қыза - қыза келе, Ғафу мен Бәдешті жақсы білетіндер Бәдешке:

— Ғафу екеуің қосылып айтатын әндерің бар еді ғой. Соны айтшы, — деп қолқа салды.

Ақкөңіл Бәдеш алғашында ет қызумен әнді бастап алды да, әлдене жетпейтінін енді аңғарғандай кілт тоқтап, жылап жіберді.

Солай. Енді ол сыңар қанат. Бірақ ер-азаматқа сүйген жарды Бәдештей-ақ жаратсын. Ғафу деген ер есіміне қылау түсірмей, түтінін түзу шығарып отырған гүлдей нәзік, тастай берік адал жар, ардақты ана. Ғафу бұл дүниеден көшер бұрын Уәлихан Қалижан екеуіміз емханаға барып, ағамыздың көңілін сұрадық. Төсегінен тұрып отырды. Жарқырап сөз сөйлеп, жайдары күлгеніне қарап: «Е, ағамыз жазылып кетеді екен», — деп жайраңдап қоштастық.

Сөйтсек, рухы берік адамның соншалықты шыдамдылығы екен ғой.

Қысқа ғұмырда қайсарлықпен найзағайша жарқылдаған жан, о дүниеге қасқайып аттанды.