26 Желтоқсан, Бейсенбі

Әдебиет

Үмбетей Жырау

Үмбетей Тілеуұлы (1706-1778) - Ақмола облысында, яғни Орталық Қазақстанда дүниеге келген.

Бекболат биге




Мен пайғамбардан бастасам,
Әңгімеге кетермін.
Едігеден бастасам,
Ертегіге кетермін.
Келтесінен қайырсам,
Сөз түбіне жетермін.
Енді сізге не дермін:
Бай болмаған бай болса,
Жайламаған сай қоймас.
Би болмаған би болса,
айтылмаған сөз қоймас.
Хан болмаған хан болса,
Қанамаған ел қоймас.
Баласын мақтар бас жаман,
Қатынын мақтар қас жаман.
Алыстағы дұшпаннан,
Андып жүрген дос жаман,
Бір түйе бітпей түйе болмас,
Өз малын кізнеген,
Кісі малын іздеген
Түбінде өз малына ие болмас!