Әдебиет
Мұқағали Мақатаев
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976, шын аты Мұхаммедқали) – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976, шын аты Мұхаммедқали) – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын
Ильич салған ізбенен
Біз оның жалғасымыз жолдасымыз
Әлемге бақыт іздеген
Қолдасыңыз, келіңіз, қолдасыңыз!
Барамыз Ильич салған ізбенен.
Caп бұзба
Секілденіп көкек байғыз,байқаңыз
Өсек. жала, орныңа тұр.
Жер шарын тілімдеген айғыз-айғыз
Данышпан Лениннің жолы жатыр.
Біз білеміз болғанын ақшыл солшыл бәрі былшыл
Бәрін де таптағанбыз.
Иә, біз жауынгер топ.
Сол - шын!
Сол үшін ғасырлардан аттағанбыз.
Бұл шақта коммунизм емес елес
Қаусаған Европаны кезіп жүрген,
Ол - бүгінім, ертеңім белес-белес,
Дос емес, жауымды да сезіндірген.
Айтпа маған жаттанды ертегіңді
Ер көңілді ешкім де бола алмайды.
Қаша алмайды.
Ұстаймын ертеңімді.
Ертеңіңді қоя тұр, Асан Қайғы.
Бір кезде Европаны кезген елес
Сөзбен емес,
Орнауда еңбекпенен.
Сен деп келем, КПСС, өзге емес,
Өз қолымен өмірді өрнектеген.
Коммунизм, мінеки, санамызда,
Даламызда,
Егін caп, малын баққан,
Дауылдатқан заводта, қаламызда,
Шахтада, мартендерде жалындатқан.
Коммунизм көш емес,
Көзін сатқан,
Жүгін артқан өгізге,
Қара пілге,
Коммунизм - космонавт
Езу тартқан
Құдіретті космостық корабльде.
Екі дүние:
Екеуі екі дара.
Көзге қара.
Ей, жолдас, жаңылмағын,
Болашақ бағыты айқын,
Жолы сары,
Бері қара!
Ленин жағында кім?!