22 Қараша, Жұма

Әдебиет

Мұқағали Мақатаев

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976, шын аты Мұхаммедқали) – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын

Жүр, қалқам




Шайқалып нұр,
Маужыраған мамырдан май тамып тұр.
Жайқалып қыр,
Тауға соққан боз сағым қайта ағып тұр.
Айталық сыр,
Серуендеп, жүр қалқам, қайталық бір.
Сырласайық,
Қызғалдақты иіскеп, бір жасайық,
Қыр басайық,
Өмсе бұлай мамырдың тұрмас айы.
Мұңдасайық.
Қос көңілдің пернесін бір басайық.
Танысайық,
Сенде - мамыр, ал менде - ағұс айы.
Табысайық,
Сенде - шырын, менде - дән, ауысайық?
Ауысайық,
Шырынын да, дәнін де тауысайық.
Құлақ талып,
Мына даңнан кетті ғой құлақ талып,
Жырақ барып,
Серуендеп қайтайық сыр ақтарып.
...Бара жатыр жанымды бір от қарып,
Жастығым ба, тірілген құлап барып?..