Әдебиет
Мұқағали Мақатаев
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976, шын аты Мұхаммедқали) – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976, шын аты Мұхаммедқали) – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын
Жаным-ай!
Жаным-ай!
Жабықтырма, жабықтырма,
Құмар ғып, көп нәрсеге зарықтырма,
Жырымнан тарықтырма, тарықтырма.
Жаным-ай, неткен қиын өмір деген!
Бүгін от, ертең менің көмір денем.
Қоршалған төрт құбылам темірменен,
Жаным-ай!
Менің шуақ күндерім-ай
Артымнан қандей-өсек үргенін-ай,
Қанденмен күресе алмай жүргенім-ай!
Meн десе
Күндіз-түні көз ілмейді,
Үреді де тұрады, безілдейді.
Жаным-ай!
Heгe сені сезінбейді?!
Адамдар бір жылы сөз қимағасын,
Жаным-ай!
Несіне сен қиналасың?
Жаным-ай,
Сыйламаса, сыйламасын
Бәрібір,
Бізді ішкіш деп жүр ғой,
Аяулым,
Ішіп қайталық,
Басына барып һәйәмнің.
Көземіз майға,
Кезіміз жасқа кенеліп,
Азан салайық:
- Оянғын, баба, оянғын.
Хан менен бектен,
Молда мен шонжар, күштіден,
Дейді ғой Сізді қиянат көріп ішті деп.
Оянғын, баба,
Отырайық бір кәйіп қып,
Біздің шараптар Сіздің майлардан күштірек.
Сіз көрген, баба,
Қиянаттарды көрмей біз,
Рақаттарды кешігі жүріп-ақ шөлдейміз,
Тірі пенденің тілін алмаймыз,, көнбейміз
Қоймайтын болдық,
Өзіңізге ұқсап өлмей біз.
Көрдіңіз қиянат,
Көрмей-ақ біздер ішеміз.
Басымыздағы бақыттардан да күсеміз,
Қазылған орға өзіміз іздеп түсеміз.
Қайтеміз енді?
Ұлы бола алмай ішеміз
Бәрібір бізді,
Ішкіш деп жүр ғой, аяулым,
Көтеріп жібер,
Көңілің неден қаяулы?
He деген екен?
Несі бар осы заһәрдың?
Оқышы тағы, оқышы Омар һәйәмды.