Әдебиет
Мұқағали Мақатаев
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976, шын аты Мұхаммедқали) – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976, шын аты Мұхаммедқали) – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын
Барлығы да менікі
Барлығы да менікі:
Мына дәуір, мына өмір,
Мынау аспан, мына күн.
Мына мұхит, мына жер -
Мына менің тұрағым.
Барлығы да менікі:
Жұлдыздардың шырағы -
Жердің ұшқан Сыңары,
Еділ, Жайық, Дон, Дунай,
Қарасаздың бұлағы,
Барлығы да менікі.
Қиыр Шығыс, қарт Сібір,қарт Оралдың қойнауы,
Балтық, Қырым, Кавказ бен Қарқараның жайлауы,
Өзендер мен көлдер де,ормандар мен таулар да,
Астана мен Одақ та,облыс пен аудан да,
Манаураған түндер де,алаулаған таңдар да -
Тиген менің, еншіме қолым жеткен арманға,
Октябрьдің жұлдызы аспанымнан жанғанда.