22 Қараша, Жұма

Әдебиет

Мұқағали Мақатаев

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976, шын аты Мұхаммедқали) – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын

Арман қуып...




Айтпашы,айтпасаң да білем, білем,
Білемін де күлемін, ренжімен.
Әзірге көзім де ашық, көңілім де ашық,
Жыланды ажыратам жылы өңдіден.
Мүмкін, қақың бар шығар мақтануға,
Алайда, асып-тасып, ақтарылма.
Кімдер болып, ал кімдер болмай жатыр,
Аумалы да төкпелі шақта мына.
Бақытты бол, жұлдызың жанған шығар,
Кез емес қой, бірақ та арман тынар.
Бір арманның беліне мінгеніңмен,
Бір арманың бұлақтап алдан шығар.
Адам, сірә, бақытын місе еткен бе,
Армандайық, армансыз кісі өткен бе.
Байламы жоқ бақытқа құлдық ұрмай,
He жетсін арман қуып, іс еткенге.
Көңілімізді бақытпен алдандырып,
Арман қуып келеміз, арман қуып.
Арман барда, арманға тоқтау бар ма?
Жан бар ма екен арманға салған құрық?!