Әдебиет
Мұқағали Мақатаев
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976, шын аты Мұхаммедқали) – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976, шын аты Мұхаммедқали) – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын
Жетісу
Отанымның орнығып кең төріне,
Айналасын ақ таулар көмкеруде.
Жаралғандай Жетісу ертегіден,
Еркелейді Жетісу ерке күнге
Еркелейді,
Еркелейді,
Еркелейді Жетісу ерке күнге.
Аясында Алматым тыныстаған,
Алатауым апайтөс ырыс маған.
Болашаққа қазақтың көшін бастап,
Жетісуым барады ту ұстаған.
Жетісуым,
Жетісуым,
Жетісуым барады ту ұстаған.
Ұясынан ұшырған балапаны,
Даңқын елге Жетісу таратады.
Болашағы баламның Жетісуым,
Әлпештеген анамның алақаны.
Әлпештеген,
Әлпештеген,
Әлпештеген анамның алақаны.
Кұншығыстан алаулап таң атарда,
Қасиеттеп қараймын жан- Отанға,
Сәлем берем бас иіп Жетісуға,
Сәлем берем бас иіп Алатауға.
Сәлем берем,
Сәлем берем,
Сәлем берем бас иіп, Алатауға.