Әдебиет
Мұқағали Мақатаев
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976, шын аты Мұхаммедқали) – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976, шын аты Мұхаммедқали) – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын
Ұқсастық
Босанған Ана.
Көктемде дала бусанып,
Біріне-бірі болар ма ұқсас мұншалық.
Толғатып дала,
Есен-сау Ана ұл тауып,
Бара жатады көктемнің көкшіл бұлты ауып,
Тершиді Ана,
Тершиді дала қымтанып.
Тамыры иіп,тәтті бір ұйықтап алғасын,
Ана шайыңа,
Дала нөсерге қанғасын,
Далаға - диқан,
Анаға адал жолдасы,
Тыңайтпақ болып,
Даярлап жатыр қалжасын.
Өскенде сәби Анадан таусап қорегін,
Далада тәй-тәй саусағын жаяр көк егін.
Жерді - Анама,
Анамды жерге теңедім,
Екеуінен де егіз ұқсастық көремін.
Қапелімде байқамай жүргемін бе?
Қанат бітіп келеді күннен-күнге.
Мына өмірден бір кетіп, бір келдім бе
Түсі бөлек баяғы гүлдердің де,
Кімдердің де, күн менен түндердің де
Осы, мен...
Әлде басқа түрге ендім бе?`
Бал арадай шықпайтын айналамнан
Бауыр, жолдас, дос, құрбы қайда қалған
Қысылтаяң кездерде пайдаланған,
Жоқты қуған, қайдасың,
Қайран арман?
Армысың!
Есі дұрыс, мият-Күнім!
Өліп қайта тірілген сияқтымын
Жарқын өмір, жан өмір, жасыл шуаң,
Алдарыңда сендердің, ұяттымын..
Алып ұшып барады қанаттарым,
Күнді ұзатып, күтемін таң атқанын.
Дәл осындай сәтіңнен адастырмай,
Адастырма, өтінем, жаратқаным!