22 Қараша, Жұма

Әдебиет

Мұқағали Мақатаев

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976, шын аты Мұхаммедқали) – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын

Хал мүшкіл, қалқам




Керемет кезде тусақ та,
Керемет шақта тұрсақ та,
Білдірмей іштен тынсақ та,
Біздің хал мүшкіл бұл шақта.
Зауық жоқ сауық-сайранға,
Қона алмай жүрміз жайлауға.
Бәйгені бермес көк қасқа,
Бұл күні, қалқам, байлауда.
Ой менен қырға ап қашқан,
Шоқ шайнап жүріп, от басқан,
Бәйгені бермес көк қасқа,
Бізбенен бүгін қоштасқан.
Өткізген күндер дүрмекпен,
Өткен шақтармен бір кеткен.
He таптық арзан құрметтен?
Арзан сауықты гулеткен.
Хал мүшкіл, қалқам, бұл шақта.
Өткенге мойын бұрсақ та,
Барсақ деп айла қылсақ та,
Жеткізбес енді қусақ та...