22 Қараша, Жұма

Әдебиет

Мұқағали Мақатаев

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976, шын аты Мұхаммедқали) – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын

Соқ, жүрек!




Қалай-қалай соғады, қан-жүрегім?!
Соғасың, әлі өмірің бар білемін.
Дем ала «әй, байғұсым, дем ала ғой.
Бұл тірлікте құм арым қанды менің.
Мазалама кеудемді, ойнақ салып,
Хал жоқ менде көнетін қайраттанып.
Қаншама рет суындың қайнап барып,
Қаншама рет тірілдің жайрап барып
Мен сені әлсіретіп алдым білем,
Болмашы нәрселерге айдап салып...
Өртенбей қалып едін, от-жалыннан.
Көзден атқан кімдердің оқтарынан.
Қорқамын, дорқам сенің, қан-жүрегім,
Қалжырап ойпы тойпы соққаныңнан.
Түсінем сенің қажып тұрғаныңды,
Соқ, жүрек!
Бұзбай соққын ырғағыңды
Сыңғырлаған сиқырлы үн естиін,
Бұрап қой босап қалған сымдарыңды.
Қалай-қалай соғасың, қан-жүрегім?!
Білмеймін, қанша өмірім қалды менің.
Торға түскен торғайдай боп барасың,
Қаршығадай самғаған алғыр едің...