Әдебиет
Мұқағали Мақатаев
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976, шын аты Мұхаммедқали) – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976, шын аты Мұхаммедқали) – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын
Пай, пай!
Пай, пай! Пай!
Сағындым-ау, сағындым-ау!
Талықсып, тар төсекке таңылдым-ау!
Қапыда қалтылдаған жаным мынау,
Жаратқан, нағылдым-ау, нағылдым-ау?!
Бал дәурен, бала дәурен, қайда қалдың
Баяғы жылқы баққан сайда қалдым.
Қоштастық қорасында Қойбағардың,
Сен содан мені тастап қайда бардың?
-Мен содан жастық деген желік қуып,
Бір қызық бір қызықтан еліктіріп,
Тапқан ем бір махаббат өліп тұрып,
Өліп тұрып қоштастым, жеріп тұрып.
-Махаббат, ақ махаббат, қайда ңалдың`
-Сен өзің қорлап кеткен ойда қалдым.
Биікті ұнатушы ең шыға алдың ба?
Бойда - қаным, қайтейін, ойдағы - арым
-Шығам деп бір биіктен бір биікке,
Кездестім бір күйіктен бір күйікке.
Сен-ақ бастау орнында тұнып қалған,
Тұрғанын түсіне бер кім биікте...
Білдім де артқа мойным бұрмасымды,
Тауға да, тасқа да ұрдым бүл басымды,
Сені еске алсам, келеді өмір сүрғім,
От сөнді.
Отауым жоқ.
Жын басылды...