22 Қараша, Жұма

Әдебиет

Мұқағали Мақатаев

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976, шын аты Мұхаммедқали) – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын

Өтініш






Италияның ұлы ақыны Данте Алигьеридің `Тәңір тәлкегі` (Әзірге `Божественная комедияны` осылай деп отырмын) дастанын аударумен жылдар бойы шұғылданып жүрмін. Жекелеген үзінділері республикалық газет-жорналдарда жарияланған. `Литературная газетада` ол туралы хабар да берілген еді.

Өздеріңізге белгілі, `Тәңірдің тәлкегі` үш кітаптан тұрады (`Тамұқ`, `Ғарасат майданы`, `Ұжмақ`). `Тамуқ` деп аталатын бөлімін ада-күде аударып болдым. Көлемі бес баспа қағаз; кіріспе сөзі, анықтамалары бар. Дүние жүзі әдебиетінің алтын қорына айналған бұл шығарманы қазақ оқушылары да қабылдар, халқымыздың мәдени мұрасына қосылған рухани үлестердің бірі болар деген ниеттемін. Әрине, алдын ала кем-кетігін ескертіп, кеңес беретін жолдастарға алдын ала, күнібұрын рахмет! Соның үшін де `Тамұқты` 1969-жылдың жоспарына енгізулеріңізді өтінемін.

Өтінішпен М. Мақатаев.