25 Қараша, Дүйсенбі

Әдебиет

Міржақып Дулатұлы

Міржақып Дұлатұлы (1885—1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері.

Абу Фирастан




Тағдырдан сұра, қаскүнем,
Бар ма екен менің сасқаным?!
Алысуға бата алмай,
Жалтақтап, сірә, қашқаным?!
Сұрашы қандай шөлдерден
Тұлпарым менің өтпеген!
Қандай асқар таулардың
Төбесіне жетпеген?
Қайда күшті жауым бар
Жолыма бөгет бола алған.
Жорыққа шықсам мен жалғыз:
Тұлпармен қылыш қолға алған.
Жүргенім жалғыз тым артық,
Арыстандай жортқан құмдарда
Болғанша жолдас опасыз
Қатын жүрек құлдарға.