Әдебиет
Міржақып Дулатұлы
Міржақып Дұлатұлы (1885—1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері.
Міржақып Дұлатұлы (1885—1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері.
Қазақ халқына діни бір уағыз
Қазаққа дін хақында осы керек,
Мүбәда бұл секілді болса өрнек.
Духовный собраниеге біз қарасақ,
Дініміз қуат табар һәм бегірек.
Әр волоста бір указной болсын молла
Кандидат һәм муәзін тұрсын және.
Сайланып үшбу затлар халық тарафынан.
Емтиханды муфти алсын пәруа.
Русша білмек бұларға шарт болмаса,
Іс етсе шариғаттың фәрмәнінше.
Никах, талақ, мирас, жаназа оқып
Указной балаға есім қойса.
Мәгәрде уақыты бола алмаса
Указной бір молланы уәкил қылса.
Ләкин никах, талақ, мирас ісін,
Лайық өзі бітіру дауы болса.
Указной молланың хилаф ісін,
Әлбетте, оязной ахун тексерсін.
Ахундтан оязной болса хата,
Областной ахунд тексеріп мұны көрсін.
Областной ахундпен іс бітпесе,
Духовный собраниеге барып кірсін.
Ең шеті ғаділдіктің осы болып,
һәммә ісі мұсылманның сонда тынсын.
Бір мешіт болсын нешік әр болыста,
Жамағат, расходын өзің ұста.
Және болсын медресе бала оқытуға,
Берсін бұған расходын земство.
Медрссеге сайлансын екі молла,
Бірі оқытсын мұсылманша, бірі орысша.
Педагогия тәртібімен оқытсаңдар,
Қазағым, кетер едің сонда алға.
Айтылмыш екі учитель уазифасын
һәр дайым земство беріп тұрсын.
Указной һәм кандидат һәм муәзиң
Екі учитель бес жылда бір сайлансын.
Кім де кім уақыф қылмақ болса мәгәр
Мәсжід пен мәдресеге деп файдасын.
Лазим мұндайларға рұхсат ету,
Указной молла алсын һәм метрикасын.
Бір адам, я бір қауым ет сөжәһәд
Шығырып мешіт, медресеге пұл қаражат.
Тыймасын бүрынғыдай «болмайды» деп
Хүкімет бұларға да берсін рұқсат.
һәммәсі осы тілек келсе орынға
Канун боп бекітілсе бір формада.
Риза қазақ халқы болар еді,
Хүкімі шариғаттың тұрса қолда.
Жазылып тәуарихта қалсын аты
Бұл істің жүрген болса кім жолында.
Дін үшін һәм халық үшін бейнет көрген
Хор болмас жүрседағы қай орында.
Болғандай халықтың өзі бейне қас-ты,
Қылып жүр шариғатты аяқ асты.
Мәселен біреу сүйіп шариғатты,
Зарарын хүкім етсе қайта қашты.
Заманға қарай моллалар наданырақ,
Көбі қара қазақтан жаманырақ.
Білер білмес окумен молла болып
Орынсыз сөзге ұмтылып көбі ұрыншақ.
«Білмеймін» деп, сірә бір мойнынан алмас,
Хәлін білмес кейбірі бишарарақ.
«Шала молла дін бұзар» деген мысал,
Тек мұнан тәңірі өзі сақтағай-ақ.