25 Қараша, Дүйсенбі

Әдебиет

Міржақып Дулатұлы

Міржақып Дұлатұлы (1885—1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері.

Шатлық




Хайырлы сағат. Алашқа бірдей шатлыққа,
Сабыр етіп, сарғайып жеттік ақтыққа.
Сілік үстіңнен шаады, қазақ баласы,
Жетер енді, оянбай біраз жаттық та.

Аш ұйқыңды, ал қазақты матбуғат,
Шетке қақпа, біздің жұрт та болсын шат.
Талапкерлер майданында жарысып,
Бәйгісіне алып шықсын мағлұмят.

Бұлар келіп, халықты қара ағартсын,
Білмегендер білгіш болып тағы артсын.
Әр алуан ғылымнан алып үлесті,
Шын көңілден халқына сүйген тартсын.

Бұл хабар қуандырар елді байтақ,
Керегін матбуғаттың келген байқап,
`Серке` . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Жасасын ғұмырлы боп енді «Айқап».