23 Қараша, Сенбі

Әдебиет

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (1858—1931) — ұлы ойшыл, фольклор танушы, этнограф, тарихшы, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы.

Бопы төренің қарындасын жоқтағаны




Күдері белбеу белімде,
Азалы болдым елімде
Бопекем жарлық берген соң,
Жүре бердім жөніме.
Бас, бас өлім, бас өлім,
Басынан келген осы өлім.
Жапырағын жалпайтып,
Жарды бір алған осы өлім.
Мұхаммед - Құдай достығы,
Оны да алған осы өлім.
Қылышынан қан тамған
Ғалыны да алған осы өлім.
Өлімнің інісі - уайым,
Бұл істі салған Құдайым.
Қара бір шашым жаяйын,
Жаяйын да, жияйын.
Күнәлі бармақ, жез тырнақ,
Күнінде қанға бояйын.
Албыраған ақша бет
Сүйегіне таяйын.
Мөймілдеген қара көз,
Жаспенен оны ояйын.
Алшаңдап жүрген жас төрем,
Орнына кімді қояйын?!
Өркеш те, өркеш, өркеш тау,
Бауыры толған кек бастау.
Топ ішінде қиын екен
Жалғыз енді сөз бастау.
Бастамасқа шарам не,
Басыма салған қарам не?!
Мен жыламай, кім.жылар,
Бетімдегі жарам не?!
Боғастың бойын өрт алды,
Жүректің басын дерт алды.
Он жеті жасар Әбіжан
Қорасан деген дерт алды.
Асыл да гаухар болатым,
Ұшайын десем, қанатым.
Әкекем қосқан қосақтан
Айырды шебер құдіретім.
Алты атанға жүк арттым,
Ала арқанмен берік тарттым.
Алдынан жүрмес атакем,
Құшақтап тұрып сөз қаттым.
Арғымақ үйірін сағынса,
Артқы аяғын қағынар.
Алғайып бибақ сағынар,
Қаннан оянып жағынар.