Әдебиет
Көктем келді
Қыстан гөрі көктемгі аспан кеңірек
Сағымменен тербеледі төңірек
Қимасымен қош айтысып жатқандай
Сора-сора қар жылайды еңіреп
Күле қарап күн көзіде жайдары
Жел жалайды қара судың қаймағын
Әредікте вальс билеп құйындар
Дөңгелейді кең жазықта айналып
Керемет бір үнге бөлеп тау ішін
Бұлақтардың құлап аққан дауысы
Құзар шыңдар қуанады жаңғырып
Жыл айналып құс үнімен қауышып
Қош келдіңіз !
Көктем неткен сүйіктең
Ілебіңмен бар қаламды иіткен
Жыртық жыртық сұр шапанын сүйретіп
Суық қашып бара жатыр биікке.