22 Желтоқсан, Жексенбі

Әдебиет

Мадина Омарова
Жазушы, драматург

Күнәһар






Екеуі де үнсіз қалды. Кемпір алдындағы жартылай орталанған табаққа, ал қарама-қарсы орындықтағы түтіккен, сары шаш әйел кесесіне қарады.

— Солай де, енді не істемексің?

— Білмеймін. Сізден басқа баратын жерім, көмек күтер адамым жоқ. Кемпір басын көтеріп оның ар жағындағы нүктеге қадалған.

Әйел қаншама ойлы, тіпті егер мүмкін болса, қайғылы кейіпке енбек болып ернін жымқырса да, көзінің бір сәтке де тыншымайтын қарашықтары көңілді жылтылдайды.

— Сен ақымақ әйелсің. Ақымақтығың құдайдың алдына барғанда Сені ақтап шығады да, тозаққа мен түсемін.

— Енді қайтемін. Құдай өзі алмайды, түрмеге де түспейді. Әбден әккі қу. Өлтіретін болды. Көрген күнімді итке де бермесін. Не істеймін енді...

Көздерінде ессіз ұшқын пайда болды.

— Жарайды. Ақшаң түгел ме?

— Иә, міне, міне. Кемпір орнынан тұрып, ыдыс-аяқ толған шкаф тартпасынан бүктелген қағаз алып шықты.

— Мә, күнәһарсорлы. Ыстық тамаққа қосып бер. Бір аптадан соң жаназасын шығарасың. Жымыңды білдірме.

— Әрине, әрине, —деді әйел орауды сөмкесіне салып жатып.

— Рақмет, әжетай, рақмет.

— Жарайды, бар.

Естілер-естілмес дауыспен әлденелерді күбірлеген кемпір оның артынан есікті жауып алды да ас үйге қайта беттеген. Столдың үстінде жатқан ақшаны алып, содан кейін барып шамды сөндірді.