22 Желтоқсан, Жексенбі

Әдебиет

Мадина Омарова
Жазушы, драматург

Кім өлді екен?






Күн бұзылып келеді. Аспан күңгірттеніп, жерге төне түскен. Ауада ылғал бар. Кенет сырттан аяқ тықыры естілді. Әлдекімдердің күмбірлеген дауыстары шықты. Молда Құран оқып жатыр ма? Шынымен менің жаныма біреу келмек пе? Мен демімді ішіме тартып тың тындадым. Бірен-саран адам жүрісінен басталған дыбыс бірте-бірте ұлғайып, қалың дүмпілге айналды. Біреу дауыс салып жылайтындай. Қанша зейін қойып тыңдасам да, тани алмадым, бөтен үн, бөтен кісілер. Қанша заман өтті? Қанша буын ауысты? Білмеймін.

Сыртта күз болатын. Жерге ызғар араласа бастаған. Бірақ маған бәрібір. Мен тек бұл тобырдың кімді қоюға келгенін білгім келеді. Кім өлді екен?