22 Қараша, Жұма

Әдебиет

Мағжан Жұмабаев

Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы ( 1893– 1938) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі.

Қаламыма




...Енді, бетім, елді көр еңбек емген,
Басында бағы жанып, күнде күлген,
Қомданып, қас қырандай қаруланып,
Алыста орағытқан жауға төнген.
Осы бетім - ақ ниетім елге ере алсам,
Гүлденген өмірге үндес жыр бере алсам,
Социалды Отанды қанмен қорғап,
Керек болса, кезінде жан бере алсам.
Осы бетім - ақ ниетім, келдім бастап,
Жанымнан бар жараны сылып тастап.
Еңбекші ел, ашуы - ұшан, мейірімі мол,
Жанымды тартты саған жалаңаштап.