22 Қараша, Жұма

Әдебиет

Мағжан Жұмабаев

Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы ( 1893– 1938) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі.

Қазақ азаматы




Біреуіне - сен Тәңірім деп табынад,
Біреуіне - мен кұлың деп бағынад.
Біреуіне - садақа бер деп жалынад,
Біреуіне - құйрық болып тағылад.
Ылғи сорлы сағым қуып сабылад,
Ылғи түссіз бір сұр нәрсе жамылад.
Қазағы - қой, артынан оның ағылад,
Азаматқа қонақтық қой табылад.