22 Қараша, Жұма

Әдебиет

Мағжан Жұмабаев

Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы ( 1893– 1938) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі.

Жердің жұмырлығы




Оқудан қайтты жас Сапар,
Терде отырған ақсақал
Орын берді қасынан.
- He білдің, балам? He хабар?
Жұлып алды жас Сапар
Тақияны басынан:
- Тыңдаңыз, міне, қария!
Жер деген - мынау тақия,
Тап осындай жұп-жұмыр,
Екі басы сопақ па?
Қараңыз енді Күн жаққа:
Лампы мынау - Күнің тұр.
Домалай ма?
Домалайд!
Құламай ма?
Құламайд!
Бұл осымен болды ма?!
- Тоқтат мынау шіркінді,
Басы жұмыр пенде енді
Жерді де жұмыр қылды ма?
- Жоқ, ата, бұл - жағырафия,
Міне, сізге тақия!
Сенбеуіңіз жарамайд.
Домалай ма?
Домалайд.
Құламай ма?
Құламайд,
Тап осындай домалайд!
- Мынаны қалай жүктейміз:
Біз неге құлап кетпейміз?
Домаланса, мұнысы не?
Сөздің қарашы қатасын!..
Құласаң, құлап жатасың!
Жердің онда жұмысы не?!