25 Қараша, Дүйсенбі

Әдебиет

Мағжан Жұмабаев

Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы ( 1893– 1938) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі.

Ауру




«Дәрігер, дәрі, бақсы!»- деп,
Алмаңдаршы мазаны.
«Тірліктен өлім жақсы!»- деп,
Сұраймын өзім қазаны.
Дене ауырса, дұрыс-ақ,
Дәрігер, бақсы ем қылар.
Жан ауырса, ойлап бақ,
Жанға емді кім қылар?
Уланды жүрек, жан күйед,
Ішім толған қызыл шоқ.
He себептен, Тәңірі ие,
Денеге ем бар, жанға - жоқ?!