22 Қараша, Жұма

Әдебиет

Мағжан Жұмабаев

Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы ( 1893– 1938) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі.

Асық иіру




Сынайын бір сақаны,
Иірейін құрғырға,-
Айттырғанға қалқаны
Толды ма екен он жылға?
Алшы түссең - болғаның,
Тәйке түссең - тәуекел.
Бүге түссең - құрығаның,
Шіге түссең - ұрғаның.
Таңмын өзім, ой, алда-ай,
Өсіп қапты, апыр-ай,
Әй, қыз деген кәпір-ай!
Мен баяғы қалпымда.
Алсам биыл, күрке аулақ,
Жатар ек-ау екеуміз.
Бір аяқ қатық тастап ап,
Қойға кетсем мен күндіз.
Қойды айдасам түс ауа,
Ырғала басып, ыңыранып,
Қатыным шықса қой сауа,
Сусынға қойса қымыран ғып.
Күркеге барсам, жайланып:
«Әй, қатын, бері кел!»- десем,
Бірдеңеге айналып,
Ол кешігіп, келмесе.
Қайта шығып күркеден,
Қатынға барсам тістеніп.
Отырған жерде желкеден
Теуіп-теуіп қалсам кеп.
Ол көзіне жас алып:
«Адыра қал,- десе,- адыра қал
Ал, асықты байқалық,
He дер екен біздің бал?
Алшы түссе, алақай!
«Түс,- дегенде,- түс, құрғыр!»
Қырыққа келген «балақай»,
Тәйке түсті-ау! Тәуекел!