Әдебиет
Мағжан Жұмабаев
Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы ( 1893– 1938) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі.
Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы ( 1893– 1938) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі.
Алданған сұлу
Күні кеше толған ай жүзің еді,
Сиқырлы қара нәркес көзің еді.
Мап-майда мамық қардай мінсіз денең
Бейне бір бақшадағы үзім еді.
Жел тимей, кірсіз тұрған кезің еді,
Жандыға жақсы дәру сөзің еді.
Басып кеткен пайғамбар іздеріндей,
Қадірлі аяқ басқан ізің еді.
Ал бүгін ол көріктің бәрі де жоқ,
Ақмарал, аяғыңа дәл тиген оқ.
Өкіндің, жастық, мастық ісің өтті,
Аһ ұрдың, сыртың - жалын, ішінде - шоқ.
Тіліне қу түлкінің тез алдандың,
Ойламай таңдағаны, тез құп алдың.
Тап-таза ат, көркем көрік - бәрі кетіп,
Өміріңше құтыла алмас отта қалдың.
Таралды жұрт аузына жаман атың,
«Бұзылған!» дейді енді жақын, жатың,
Ызыңдап ол да, бұл да сол сөзді айтар,
Жас текпей нағып сонда шыдар дәтің.