Әдебиет
Халқымның қадір-қасиеті
Қатысушылар:
Шал
Кемпір
Немерелері: Талант, Талғат, Самат
Ерден – қонақ бала
Сахнада қазақ үйінің бір бөлмесі жабдықталған. Дастарқан басында шал мен кемпір және кіші немересі Самат. Әрқайсысы өз шаруасымен айналысып отыр.
Талғат (жүгіріп кіреді). Сүйінші! Сүйінші! Қаладан Талант ағам досымен бірге келе жатыр.
Кемпір. Қане, қайда?
Самат. Әне, жаңа ғана автобустан түсті. Үйге қарай келе жатыр.
Шал. Ой, айналайын, жеткен екен ғой. Өркенің өссін, Талғат-жан. Сүйіншіңе қалағаныңды ал! (Талғат қайта шығып кетеді.)
Самат. Ата, сүйінші деген не?
Шал. «Сүйінші» деген, балам, қуанышты хабар. Жаңа Талғат ағасының келгеніне қуанып, сүйінші сұрап келді. Ондайда шын қуанған адам «қалағаныңды ал» дейді.
Кемпір. Құдайым қуаныштан айырмасын. Осыдан егер Талантжан келін әкелсе, құдалар келсе, нәрестелі болса, көл-көсір шашу шашамыз.
Самат. Шашу деген не ол? Оны неге шашасыз?
Кемпір. Үлкен бір тойларда, қуанышты күндерде тәттілермен, күміс тиындармен табақты толтырып, жиналған көпшіліктің ортасына уыстап шашады. Ол нағыз берекенің, ырыстың, ақ-жарқын көңілдің белгісі, айнам. (Бір қолымен жер тіреп, бір қолын арқасынан ұстап, орнынан көтеріледі.) У-уһ. Қой, мен шай қамдайын. Әу, отағасы, ана балалардың қонақасына бір мал даярламайсың ба? Мен де Талантжанның сыбағасын қазанға салуға даярлай берейін.
Самат. Ата, қонақасы деген не?
Шал. Балам, Талант ағаң жалғыз өзі емес, жанында досымен келе жатыр. Сондықтан, қазақ, үйге келген қонақты ерекше сыйлайды. Соның құрметіне арнайы мал сояды. Соны – қонақасы дейді. Ол – жомарттықтың, елдіктің үлкен белгісі.
Самат. Ал енді, жаңағы әжемнің сыбағасын даярлайын деген не?
Шал. Ол – Талант ағаңның сыбағасы. Талант ағаң қыста соғым сойғанда үйде болған жоқ қой? Сол соғымның етінен Талантқа деп сақтап қойған ет, қазы-қарта, жал-жаяны – сыбаға деп атайды.
Үйге дабырласып Талант пен оның досын ертіп Талғат кіреді. Жолдан келген жігіттердің сөмкелері бар. Қауқылдасып, сәлем бере кіреді.
Балалар. Ассаламағалейкум, ата! Армысыз!
Шал. Уағалейкүмәссалам! Бармысыңдар, балаларым!
Кемпір. Дені-қарындарың сау ма? Келген жерлеріңде ел-жұрт аман ба? Келіңдер, төрге шығып, жайғасып отырыңдар. Жолдан шаршап келген шығарсыңдар. Мен қазір шай әкелейін (шығып кетеді).
Балалар малдастарын құрып, дастарқан басына жайғасады.
Шал. Талғат, балам, ағаларыңның қолына су құя ғой.
Талғат сыртқа шығып, иығына сүлгі іліп, шылапшын мен құмған алып кіреді де атасына, сосын қонаққа, Талант ағасының қолдарына су құяды.
Су құю тәртібі: шылапшынды жерге қойып, сол қолымен құм-ғанның шүмегінен, оқ қолымен тұтқасынан ұстап, суды үзіп-үзіп құяды. Қол жуылып болған соң, құмғанды жерге қойып, сүлгі ұсынады.
Осы мезгілде дастарқан да әзір болып, кемпір шай құя бастайды.
Шал. Ал, қарақтарым, ат-көлік аман, шаршамай-шалдықпай жеттіңдер ме?
Самат. Ата, олар атпен емес, автобуспен келді емес пе?
Шал. Ой, шырағым-ай, баламысың деген, аман-сәлемнің ретінің өзі осылай болады. Ал енді мына баланы танымадық?
Талант. Ата, бұл менің досым. Аты – Ерден. Академияда бірге оқимыз.
Шал. Жөн. Ий, Ерден балам, қай туған боласың? Қазақта «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» деген сөз бар. Жеті ата дегенді білесің бе өзің?
Ерден. Ата, менің де сіздер сияқты ата-әжем бар. Өзім шыққан жүзімді, руымды, елімді-жұртымды, жеті атамды түгел білемін.
Шал. Ә-бәрекелді! Онда, жеті ата деп кімдерді білеміз, айта қойшы?
Ерден. Менің білуімде, ата, жеті ата дегеніміз – ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене болып келеді. Одан әрі – туажат, жекжат, жұрағат, жамағат болып жалғаса береді.
Шал. Ой, пәлі! Көсегең көгерсін, қарағым! Олай болса, мен өзіңе бір бата берейін, балам.
(Дастарқан басындағылар қол жаяды.)
Шал. А, құдайым оңдасын,
Сәтсіз күнің болмасын.
Бастарыңа бақ сыйлап,
Қыдыр бабаң қолдасын.
Тұғырдан таймас қыран бол,
Ел-жұртыңа ұран бол.
Би бабалардай шешен бол,
Ескендірдей бекем бол.
Атымтайдай жомарт бол,
Жеті атаңдай бек мәрт бол.
Айбаты асқан ұлан бол,
Халқың сүйер сұлтан бол.
А, құдай, жарылқа,
Аумин!
(Барлығы беттерін сипайды.)
Шал. Ал енді үлкен тамақ келгенше, емін-еркін әңгімелесіп отырайық.
Талант. Ата, онда біз мына Ерден екеуміздің қаладан інілері-мізге әкелген сый-сияпатымызды ұсынсақ. (Сөмкесінен бір-бір тақия алып Талғат пен Саматтың бастарына кигізеді.)
Шал. Ойпырмай-ә! Мұндайда балалардың жаңа киімі үшін халқымызда байғазы деген беріледі. (Кемпірге қарап) Бәйбіше, мына немерелеріңнің байғазысына не бересің?
Кемпір. Айналайын, жарықтарым сол, жаңа бұйымдарың ыс-тық денелеріңде тозсын, көп жасаңдар, шырақтарым (екі неме-ресінің маңдайларынан иіскеп, қолдарына бір-бірден қамшы ұс-татады). Аталарың байғазысын өзі даярлап қойып, маған айтып отырған ғой.
Шал. Иә, Алла, осылай қызық-қуаныштан айырмасын. Қазақта той көп қой – қыз ұзату, келін түсіру, баланы бесікке салу, қыр-қынан шығару, тұсаукесер, сүндет той, тілашар деймісің, толып жатыр ғой. Жақында сол қызықшылықтың бірін өздерің де көре-сіңдер.
Талант, Ерден (қосарланып). Ол не қызық, ата?!
Кемпір. Мына Талғат бауырларың қалаға барып оқиын деп жатыр ғой. Алыс жолға алғаш шығайын деп отыр.
Шал. Ата салтымыз бойынша мұндайда арнаулы мал сойылып, кең дастарқан жасалады. Ойын-сауық өткізіліп, өлең-жыр айтылады. Бұндай думан, алыс жолға алғаш шығарып салу дәстүрі – тоқымқағар деп аталады.
Балалар (гуілдесіп). О, тамаша, тойдың үстінен түсіппіз, жақсы болған!
Шал. Алла бұйыртса, көрер қызықтарың көп болсын, қарақ-тарым. Жорытқанда жолдарың болсын, жолдастарың Қыдыр болсын. Онда есік алдына шығып, кішкене бой жазып, дене сер-гітейік, әу-уп!
Шымылдық