Әдебиет
Константин Паустовский
Константин Георгиевич Паустовский (1892 - 1968) - орыс және кеңес жазушысы, сценарист және мұғалім, журналист, соғыс тілшісі.

Алмастай асыл тіл
Тіліміздің қымбаттығына қайран қаласың; Әр дыбысы - сыйлық; бәрі дәнді, інжудің өзіндей ірі, расында да қайсыбір атаулар сол заттың өзінен де қымбат, бағалы.
Гоголь
БАЛАУСА ОРМАНДАҒЫ ТҰМА
Қымбат бағалы асыл тастар тылсым сырлы бір нұр сәулені шашып тұратыны сияқты, көптеген орыс сөздері де өзінен-өзі поэзияны тамылжытып төгіп тұрады.
Олардың нұр сәулесінде ешқандай тылсым сыр жоқ екенін, кез келген физик бұл құбылысты оптиканың заңдарымен оп-оңай түсіндіретінін, мен, әрине, білемін.
Бірақ, дегенмен де, тастардың нұр сәулесінде бір құпия сыр жатқандай болып сезіледі. Сол нұр сәуле құйылып тұрған асыл тас ішінде өз жарығын шығаратын кезі жоқ деген оймен келісу қиын-ақ.
Бұның көптеген тастарға, тіпті аквамарин сияқты, қарапайым тасқа да қатысы бар. Оның түр-түсін дәл анықтауға болмайды. Ол үшін әлі де қолайлы сөзді тапқан жоқ.
Аквамарин өзінің атымен-ақ (аквамарин — теңіз суы) теңіз толқынының түсін білдіретін тас. Бұл бірақ онша дәл емес. Оның мөлдір тереңінде жұмсақ жасылдау түсі мен ақшыл көктің реңкі бар. Дегенмен аквамариннің өзіндік ерекшелігі, оның іші күміс түсті (тек қана күмістің түсі, мүлде ақ емес) отпен самаладай жарық болып тұрады.
Егер аквамаринге үңіліп қарасаң, онда суының түсі жұлдыз түсінен айнымайтын тып-тыныш теңізді көресің.
Аквамариннің және басқа да асыл тастардың осынау түр-түсті және жарықты ерекшеліктері біздің көңіл-көкірегімізде бір құпия сырлы сезімді тудыратыны анық. Десек те олрадың сұлулығы бізге түсіндіруге келмейтіндей болып көрінеді.
Біздің көптеген сөздердің `поэтикалық сәуле шашып тұруын` түсіндіру онша қиын емес. Егер сөз біз үшін поэтикалық мән-мазмұнға толы деген ұғымды білдірген жайтта ғана ол бізге солай болып көрінуі ғажап емес.
Алайда сөздің өзінің, мәселенки, өте қарапайым `жарқыл` сөзінің (түсінік емес) біздің қиялымызға әсер-әрекетін түсіндіру әлдеқайда қиын. Осы бір сөздің дыбысталуының өзі шалғайдағы түнгі найзағайдың баяу жарқылын береді.
Әрине, сөзді осылай сезіну тым субъективті нәрсе. Осылай істеуге ақыл беріп, оны жалпыға ортақ ережеге айналдыруға болмайды. Бұл сөзді мен осылай есітіп, қабыл алады екенмін. Ендеше дәп осылай қабылдауды мен өзгелерге таңатын ойдан мүлде аулақпын.
Мұндай поэтикалық сөздердің көпшілігі тек табиғатпен ғана байланысты екені даусыз.
Орыс тілі өзінің шын мәніндегі сиқырлы қасиеттері мен байлығын өз халқын қанымен-жанымен жақсы көріп, жеріміздің аяулы асыл қазынасын терең сезінетін адамға ғана ақырына дейін ашылады.
Табиғатта тіршілік ететін күллі нәрсе: су мен ауаның, аспан мен бұлттардың, күн мен жаңбырдың, орман-тоғай, батпақтардың, өзендер мен көлдердің, шалғындар мен егіндер, шөптер мен гүлдердің — орыс тілінде қыруар көп жақсы сөздері мен атаулары бар.
Бұған көзімізді анық жеткізу үшін, біздің сыйымды да мерген сөздігімізді оқып үйрену үшін, кітаптан өзге бізде Кайгородов, Пришвин, Горький, Алексей Толстой, Аксаков, Лесков, Бунин сияқты табиғат пен халық тілінің білгірлері және көптеген басқа да жазушылар бар, тіліміздің ең басты және сарқылмайтын бұлағы — халықтың өзі: шаруалар, паромшылар, қойшылар, омарташылар, аңшылар, балықшылар, қарт жұмысшылар, орман күзетшісі, бакеншілер, қолөнершілері, село суретшілері, кәсіпшілер секілді әрбір сөзі алтынмен бірдей болып келетін көпті көрген көнекөздер.
Осындай ой-пікірлерім, мен үшін, бір орманшымен кездескеннен кейін бұрынғыдан бетер айқындала түсті.
Мен ол кісі туралы бұрын да бір жерде айтқан сияқты едім. Егер, ол рас болса, кешірім сұраймын, бірақ ескі гәпті тағы да қайталауға тура келеді.
Біз, ол орманшы екеуміз, балауса орманмен келе жатқанбыз. Қадым замандарда бұл арада қол табан батпақ болыпты, сосын ол құрғап қалады да, оны тоғай басады, енді соны ғасырлық қалың мүк пен оймақтай-оймақтай мөлдіреген су көздері, қаулай өскен қазанақ қана еске түсіреді.
Мен ел арасына кеңінен тарап кеткен балауса орманды көзге ілмеуді құптамаймын. Балауса орманның өзіне тән әсемдіктері толып жатыр. Алуан тұқымды жас ағаштар-шырша мен қарағай, көктерек пен қайың - иін тіресіп, мамыражай өсіп жатады. Олардың арасы әр-қашанда мереке алдында ықтиятты жиналған шаруа үйінің мейманжайындай, тап-таза, жап-жарық болып тұрады.
Балауса орманға кез болған сайын, мен, суретші Нестеров өз пейзаждарының көптеген белгілерін дәп со жерлерде тапқан шығар деп ойлаймын. Мұнда өсімдіктің әрбір сабағы мен бұтағы өзінің айрықша көрікті тіршілігін басынан өткеріп жатады және сол себепті де ерекше көзге түсіп, құлпыра түседі. Жоғарыда айтқанымдай, қайсыбір мүкті жерден кішкене дөп-дөңгелек су көздері - қайнарлар кездесіп қалады. Олардың суы мүлде қозғалмайтын тәрізді. Бірақ үніліп біраз отырсаңыз, сол көзден ұдайы бір тыныш ағыстың жоғары көтеріліп жатқанын және соның ішінде қызамықтың жапырақшалары мен қарағайдың сары қылқандары үйіріліп жүзіп жүреді.
Біз сондай бір қайнардың қасына келіп тоқтап, суға қанып алдық. Одан скипидардың иісі шығады.
— Тұма! — деді орманшы су көзінен жүзіп шығып, со сәтте қайтадан тарбаңдап су түбіне батып кеткен қоңызға қарап. Әсілінде, Еділ де тап осындай оймақтай тұмадан басталатын шығар.
— Иә, солай шығар, — дедім мен оны қостап.
— Мен сөзді талғап, айыруға тым әуес адаммын, — деді кенет орманшы ұяла мырс етіп. — Өзің-ақ айта қойшы. Кейде қайдағы бір сөз көкейіңе қоның алады да мазаңды кетіреді.
Орманшы үндемей қалды да, иығына ілген мылтығын бір жөндеп қойып:
— Сізді жұрт кітап жазады дей ме, қалай? — деп сұрады.
— Иә, жазамын.
— Демек, сонда сіз сөзді әбден ойланып барып, ұғасыз ба? Ал мен қанша ойланып, толғансам да, қайсыбір сөзге түсінік таба қоюым өте сирек. Орманмен жүріп келе жатасың да ойыңмен бір сөзден соң бір сөзді таңдап алып, оны ақылға салып: осылар қайдан шықты? - деп олай да ойлайсың, былай да ойлайсың. Бірақ ештеңе де шықпайды. Мен білімнен жұрдаймын. Оқымағанмын. Ал кейде бір сөзге түсінік тапсаң қуанасың келіп. Бірақ неме жетісіп қуанамын? Мен бала оқытпаймын ғой. Мен орман адамымын -қарапайым күзетшімін.
Ал тап қазір сізге қандай сөз байланып қалды? — дедім мен.
— Әлгі бір `тұма` деген сөз. Бұл сөзді мен баяғыда көкейімде сақтап қалғанмын. Оны әлі сылап-сипап жүрмін. Менің ойымша, бұл сөз осы арада тұма суы туды дегеннен шыққан. Тұмадан өзен туады, ал өзен толқып-тасып, бүкіл Жер-ана арқылы, бүкіл отан арқылы ағып, халықты асырайды. Өзіңіз байқап қараңызшы, осы бір тұма, отан, халық деген сөздер іштей үйлесіп-ақ тұр емес пе. Осынау сөздер өзара бір-бірімен туыс тәрізді. Туысқан тәрізді! — деп қайталады да күліп жіберді.
Со бір қарапайым сөздер маған тіліміздің тереңде жатқан тамырларын ашып көрсеткендей болды.
Халқымыздың сан ғасырлық тәжірибесі, оның мінез-құлқының күлді поэтикалық мәні осы бір сөздерде жатқан сияқты еді.