Әдебиет
Иван Бунин
Иван Алексеевич Бунин (1870 - 1953) - орыс жазушысы, ақын және аудармашы, 1933 жылғы әдебиет бойынша Нобель сыйлығының иегері.
Иван Алексеевич Бунин (1870 - 1953) - орыс жазушысы, ақын және аудармашы, 1933 жылғы әдебиет бойынша Нобель сыйлығының иегері.
Жалмауыз
Қайыршы қыз, жетім, дені-басы таза, қой аузынан шөп алмайтын момын, тіпті жарымес десе де` болады. Байдың үйінде есік көзінде жүрді, ең ауыр, қайдағы лас жұмыс осының мойнында — сілесі қатқанша тыным жоқ, әйтеуір жағыну үшін жағын ашпайды. Староста, отставкадағы гренадер-солдат, осы үйдегі шаруаның бас-көзі, бірде бас салып байғұсты пәктігінен жұрдай қылды. Қайтсін, қаншама алпарысып қарсылық жасағанмен дәрмен жоқ. Ай өткенде құрсағы қампиып шыға келді. Мұнысын жұрттың бәрі біліп қойған. Старостиха ойбайын салып отбасының шаңын қаққан соң қожайын ханум қызды қуып шықты. Сорлы байғұс жоқ-жұқанасын мөшекке жинап алып, жылап-еңіреп тайып отырды. Старостиха баспалдақта тұрып алып қуаныштан жарылып кете жаздады: жындыша жұлынды, ысқырды, иттерді айтақтады, жез легенді таңқылдатып, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шықты:
— Қаншық! Қайыршы! Қаңғыбас! Жалмауыз! Сиқыршы!
1930.