05 Желтоқсан, Бейсенбі

Әдебиет

Зейнел-Ғаби Иманбаев

Зейнел-Ғаби Иманбаев(1924-1987) - 2 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы, Сергеев ауданына қарасты Ортақкөл ауылында туған.

Ала күшік






Сурет сабағында балалардың бірі үйдің, біреуі ешкінің, енді біреуі мысықтың, қысқасы, әркім ұнатқан заттарының суреттерін салумен болды. Ал Қажытай өзінің ала күшігінің суретін салғысы келді.

Әуелі үлкен дөңгелек сызып денесін, сонан соң жоғарғы жағынан кішкене дөңгелек сызып басын, төрт таяқша тартып аяқтарын, ирек сызықпен құйрығын салды.

— Бұл не? — деп сұрады мұғалім.

— Біздің ала күшік.

— Құлағы, көзі, жүні жоқ күшік бола ма?

Бала қайтадан шапшаңдатып сызғылай бастады. «Мынау — құлағы, мынау — көзі, мынау — сабалақ жүні»,— деді ол мұрнын бір тартып. Мұғалім көріп, жымиып күлді де:

— Құлағы есекке, көзі түйеге, жүні ешкіге ұқсайды екен, — деді.

Қажытай салған суреті жұртқа түсініктірек болу үшін астына «Бұл біздің ала күшік» деп жазып қойды.