22 Желтоқсан, Жексенбі

Әдебиет

Жүсіпбек Аймауытов

Жүсіпбек Аймауытов (1889—1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.

Ит пен бала






Ауылдан аулақ, өзен жиегiнде оңаша диiрмен. Жағалай тау, таудан құлаған көбiктi өзен диiрмен дөңгелегiн күңгiр-күңгiр айналдырады.

Диiрмен алдында, ит қора жанында бала отыр. Маңайда диiрменшiнiң тәукеншiк үйiнен өзге түк жоқ.

Баланың жалғыз серiгi — Жолдыаяқ. Ол шынжырлаулы. Басын баланың тiзесiне салып, былдырлаған қарап, сөзiн тыңдағандай болады. Ал сонда шойын қара бұлт көрiндi.

Тал түсте жанған күн жұтылып, жердi қараңғылық басты. Бала үйге, Жолдыаяқ үйшiгiне ұмтылды. Жайдың оты жарқ-жұрқ. Аспан салдыр-күлдiр. Жаңбыр шүмектеп, таудан тасқын сарқырауда. Диiрменнiң қылдырық өзенi күрiлдеп күшеюде. Буырқанған лай толқын дөңбектi жұлып, ағашты ағызып, диiрмен дөңгелегiн олқын талқандауда. Су молыға-молыға қораға толып, үйге кiрдi. Бiрақ құрыш тастан қалың соғылған үй тырп етер емес. Әкесi нәрселерiн төбеге тасып жүрiп, баласына бажылдайды. «Қапты ала шық!» —дейдi.

Шешесi жанталасып әкесiне нәрсе әперуде. Төбеге дендеп шығарып алды. Бала әйнектен қарап, Жолдыаяқтың үйшiгiн толқын қиратып жатқанын көрдi. Жолдыаяқ байғұс шынжырдан босана алмай, жалынғандай балаға қарады.

Ендi болмаса, Жолдыаяқ суға кететiн. Баланың жаны ашып кеттi. Ата-анасы абыржып жатқанда, жалма-жан сатымен жерге түсiп, суды белуарынан келтiре кеше жөнелдi. Бара шынжырға шап бердi. Қуанған ит еркелеп қолын жалауда. Шынжырды ағытып, екi дос үйге қарай салды. Бiраз су көтерiлiп, тасқын күрiлдеп, баланы есiкке жеткiзбей әкеттi. Кетiп барады… Өлдi-ау ендi…

Жоқ, баланың бақ еткенiн Жолдыаяқ естiдi де, дереу бұрылып досына қарай жүздi. Суды қаба, қапыл-ғұпыл жалдап баланың көйлегiнен тiстеп, сүйреттi. Бермен баланың айқайын естiп жан ұшырып әкесi де келдi, иті мен баласын үйiне алып келдi. Бiраз уақыт өткенде, құтырған тасқын да сабасына келдi.

Ит пен бала талай жылдар бiрге жасады. Бiрiн-бiрi өлiмнен құтқарғаны өмiрi естерiнен қалмады.